Орталық Азиядағы алғашқы коронарлық стент шығаратын зауыт ашылды

Елордада Назарбаев Университетінің технопаркі базасында коронарлық стенттер мен баллондар шығаратын Орталық Азиядағы алғашқы зауыттың ашылуы өтті. Отандық өндіріс жергілікті кардиологиялық орталықтарға медициналық құрылғыларды импорттық құрылғыларға қарағанда 30%-ға арзан сатып алуға мүмкіндік береді.

Елордада Назарбаев Университетінің технопаркі базасында коронарлық стенттер мен баллондар шығаратын Орталық Азиядағы алғашқы зауыттың ашылуы өтті. Отандық өндіріс жергілікті кардиологиялық орталықтарға медициналық құрылғыларды импорттық құрылғыларға қарағанда 30%-ға арзан сатып алуға мүмкіндік береді. Коронарлық стенттер мен баллондарды өндіруге алынған лицензияларға сәйкес «IHT Central Asia» ЖШС жүзеге асырады. Бұл Назарбаев Университетінің технопаркінде орналасқан медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын қазақстандық-испандық кәсіпорын. Кәсіпорын басшысы Сейітжан Сыпабековтің айтуынша, мұндай фабриканың ашылуы Қазақстан үшін өте маңызды, өндірісті сырттан келетін өнімді жергілікті өніммен алмастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Хабар 24.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53