Summer Camp 2026: NU мектеп оқушыларына арналған алғашқы жазғы лагерьге қабылдау бастады

Nazarbayev University Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған алғашқы жазғы лагерьге өтінім қабылдауды бастады.

Университетке дейінгі форматтағы бұл бағдарлама қатысушыларды академиялық ортамен таныстырып, оларға өздерін студент әрі зерттеуші ретінде сынап көруге мүмкіндік береді. 11 күнге созылатын қарқынды бағдарлама барысында оқушылар заманауи зертханаларда нақты құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, портфолиоға арналған жеке жобалар әзірлейді және NU мен әлемнің жетекші университеттеріне түсуге қажетті дағдыларды дамытады.

Лагерьдің білім беру бағдарламасы бес бағыттан тұрады:

  • Cybermind — робототехника мен жасанды интеллектке арналған бағыт;
  • Human Lab — медицина, биомеханика және адам ағзасы туралы ғылымдарды қамтиды;
  • Inside Science — ғылыми зерттеулерге бағытталған;
  • Success Track — университетке түсуге дайындық пен портфолионы дамытуға арналған;
  • Maker Lab — инженерия мен инновацияларға басымдық береді.

Бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі — Бурабайға сапар. Онда қатысушылар демалып қана қоймай, еліміздің әр өңірінен келген құрдастарымен танысуға мүмкіндік алады.

Оқушылар университет жатақханаларында тұрып, студенттік өмірдің атмосферасын толық сезіне алады. 2026 жылдың жазында 3 маусым мен 25 шілде аралығында өтетін төрт кезең жоспарланған.

Бағдарлама туралы толық ақпарат алу мен өтінім беру үшін: https://camp.nu.edu.kz/

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53