Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мырза NU Дайындық мектебінің студенттерінің өтініші бойынша 2023 жылдың 28 наурызында оларға қаржылық сауаттылық туралы дәріс оқыды. Кездесуге Катсу мырзаның бастамасымен Jusan Bank төрағасы Нұрдәулет Айдосов шақырылды. Ол студенттердің теориялық білімдерін практикалық қаржылық кеңестермен бекітуге тырысыты. Jusan Банк басшысы лекция қатысушыларына Қазақстанның қаржы жүйесі, қаржылық дағдарыстардың себептері туралы айтып, инвестициялау, жинақтау және жұмсау процестерін білудің маңыздылығын атады.
Университеттің дайындық бағдарламасының (NUFYP) студенттері инвестициялау, «қауіпсіздік жастықшасын» құру және сақтандыру сияқты көптеген тақырыптарға қызығушылық танытты. NU президенті Шигео Катсу студенттерге инвестиция әрқашан тәуекелмен келетінін еске салып, экономикалық саладағы білімдерін үнемі кеңейтуге кеңес берді.








