NU-да 8 спорт түрінен Студенттік спорт лигасының финалы басталды

Студенттік спорт лигасы биыл алғаш рет барлық жоғары оқу орны үшін бірыңғай турнир аясында өтуде. Шараны ұйымдастырушы – NU.

Студенттік спорт лигасы биыл алғаш рет барлық жоғары оқу орны үшін бірыңғай турнир аясында өтуде. Шараны ұйымдастырушы – NU.

“Бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Спорт лигасының финалына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік студенттер, спортшылар қатысуда. Олар алдағы уақытта олимпиада чемпиондарына айналмақ, Қазақстанның туын әлемдік деңгейде көтеретін болады. Сондықтан барлық студентке сәттілік серік болсын,” — деді ашылу салтантында Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы.

Сонымен қатар ашылу салтанатына жүзуден Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан Екатерина Вышегородская мен ММА, джиу-джитсу және каратэден бес дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов қатысты.

Студенттік командалар спорттың 8 түрінен жарысқа түсті: үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, жүзу, кикбоксинг және таеквондо. Шахмат турнирінің жеңімпаздары медальдармен қоса, Қазақстан шахмат федерациясынан ақшалай сыйлық алады.

“NU Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық құруға әрқашан ашық және бүгінгі лига – соның бірден-бір дәлелі. Бұрын әр университет тек бір спорт түрі бойынша турнир ұйымдастырып отырған. Алайда биыл біздің әріптестеріміз студенттік спорт клубтарымен бірлестікте бірыңғай турнир жобасын әзірлеп, оны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынды,” — деді NU вице-президенті Әсел Уәлиева.

Сондай-ақ кейбір спорт түрлері бойынша жабылу және марапаттау рәсімі 31 мамырда NU-да өтеді.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53