NU Сауд Арабиясы Халықаралық стратегиялық әріптестік орталығының өкілдерін қарсы алды

Назарбаев Университеті әкімшілігінің өкілдері мәртебелі қонақтарды қарсы алып, университет қалашығын көрсетті. Атқарушы вице-президент Арғын Қыпшақов, Президент Кеңсесінің басшысы Мақсат Жетен және Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Венг Тат Хуэй Сауд Арабиясы делегациясының өкілдеріне Орталық Азиядағы үздік зерттеу университетінің құрылымы, қызметі және құндылықтары туралы айтып берді.

Қонақтарға кампустың құрылымы көрсетіліп, студенттерге берілген мүмкіндіктер туралы айтылды. Экскурсия барысында SCISP басшысы Раада әл-Баракати мырза NU зертханаларында болып, университет ғалымдарының кейбір еңбектерімен танысты.

Қонақтарға сонымен қатар Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) өршіл әзірлемелері мен университеттің көп функционалды Атлетикалық орталығы көрсетілді. Тараптар заманауи білім беруді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, стратегиялық бағыттардағы ынтымақтастықты арттыруға келісті.

SCISP – Корольдіктің халықаралық және өңірлік стратегиялық серіктестеріне қатысты күш-жігерін реттеуді көздейтін мемлекеттік құрылым. Орталықтың директорлар кеңесін Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі басқарады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53