23 қазан күні Nazarbayev University-де Қазақстанның Республика күні мен Университеттің Times Higher Education World University Rankings әлемдік рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартуына арналған Townhall форматындағы кездесу өтті.
Іс-шараға NU қызметкерлері қатысты.
Университет қауымдастығына арнаған сөзінде NU президенті профессор Вакар Ахмад:
«Мен Nazarbayev University-дің Times Higher Education әлемдік рейтингінде өз позициясын жақсартып, 2 191 университеттің ішінде 401–500 аралығында орын алғанына мақтанамын. Бұл жетістік сіздердің керемет еңбектеріңіздің арқасында мүмкін болды — сондықтан осы табысымыз үшін өзімізге алғыс білдірейік. Дегенмен біз осы нәтижемен тоқтап қалмаймыз. Біз барлық салада одан әрі жетілуге ұмтыламыз. Бұл ұмтылыс біздің мақсатымызда да көрініс табады — 2030 жылға дейін немесе одан ертерек 201–300 аралығындағы университеттер қатарына кіру», — деді ол.
Кездесуді қорытындылай келе, Вакар Ахмад университетте 12 жыл еңбек етіп, өз қызметін аяқтап жатқан академиялық істер жөніндегі вице-провост Лоретта О’Доннеллге алғысын білдірді. Оған «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Сондай-ақ атқарушы вице-президент Аслан Сәрінжіпов NU қауымдастығын алдағы мерекемен құттықтады, ал жаңа провост Рехан Садық әріптестерінің алдында алғаш рет сөз сөйлеп, өзінің кәсіби тәжірибесімен және Университетке қосылуы туралы бөлісті.
Шара соңында University Service Management (USM) ұйымының 94 қызметкері Университеттің дамуына және оның қызметін қолдауға қосқан көпжылдық үлесі үшін марапатталды. Бұл ұйым NU-дың операциялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Оның қызмет аясына жөндеу және құрылыс, аумақты абаттандыру мен тазалау, көлік және клинингтік қызметтер, қауіпсіздік және басқа да бағыттар кіреді.








