2023 жылғы 13 наурызда Астанада Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Генетика және физиология институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулердің даму перспективалары» ғылыми конференциясы өтті.
Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулерді дамытуға арналған конференцияда қатысушылар ағымдағы үрдістер мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ осы саланың сарапшылары идеяларымен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты.
Медицина мектебінің профессорлары зерттеу жобаларын ұсынып, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарындағы әріптестерімен озық тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ NU профессорлары мен қатысушылар арасында келесі ауқымды зерттеу тақырыптары бойынша пікірталас секциялық отырыстар өтті:
● Биомедицинадағы генетикалық зерттеулер
● Қоғамдық денсаулық сақтау
● Вакциналар мен дәрілік препараттарды жасау
● Клиникалық сынақтар және прецизиондық медицина
● Инновация және коммерцияландыру
Қуаныш Ерғалиев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі: «Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстанның институттары мен университеттеріміздің Назарбаев Университетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне мүдделі. Мұндағы бар ғылыми ресурстарын, сондай-ақ адами әлеуетін де, инфрақұрылымды пайдалануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар Медицина мектебінің зертханалары мен симуляциялық орталығы заманауи талаптарға сай жабдықталған».
Медицина бойынша Вице-президенті – Назарбаев университеті Медицина мектебінің Деканы Доктор Массимо Пиньятелли атап өткендей, Медицина мектебінің негізгі миссиясы — халықаралық стандарттарға сай денсаулық сақтау саласының үздік, жоғары білікті мамандарын даярлау және бұл тәжірибені Қазақстанның басқа медициналық білім беру мекемелеріне енгізу.
Қатысушылар Медицина мектебінің ғылыми-зерттеу және білім беру инфрақұрылымымен танысып, студенттер, тәжірибелі дәрігерлер, медбикелер және басқа мамандар профессорлар мен арнайы оқытылған нұсқаушылардың жетекшілігімен манекендерде, жаттықтырғыштар мен жоғары технологиялық жабдықтарда клиникалық дағдыларды үйреніп, жетілдіретін 3D цифрлық анатомия зертханасында, биомедициналық зерттеулердің ғылыми зертханасында және Симуляциялық орталықта болды.
Қазақстанда ғылым мен білім саласын дамыту үшін Назарбаев Университетінде “Collaborative research” ғылыми бағдарламасы іске асырылуда. Оның талаптарының бірі — Назарбаев Университетінде ғылыми жобаларды бірлесіп іске асыру үшін отандық ғалымдарды тарту. Ғалымдарды біріктіру отандық денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және дәрігерлерді, медбикелерді, басқа да денсаулық сақтау мамандарын даярлау жүйесін дәйекті жетілдіруге мүмкіндік береді.








