NU президенті Шигео Катсу: «Қазақстан-2050» стратегиясы әлі де өзекті ме?»

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мырза «Қазақстанның өңірлік дамуы: проблемалары мен келешегі» курсының аясында «Қазақстан және 2050: бұрынғы стратегия әлі де өзекті ме?» тақырыбындағы дәрісімен «Аналитика мектебі» бағдарламасының спикері болды. 30 жылдан астам тәжірибесі және 50 елде зерттеулер мен дәлелді саясат бойынша кеңес берудегі жетістіктері бар көрнекті экономист және саясаткер Катсу мырза - «Қазақстан-2050» Стратегиясының бас редакторы және Қазақстан үкіметі қабылдап, жүзеге асыруға міндеттенген бес институционалдық реформа авторларының бірі.

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мырза «Қазақстанның өңірлік дамуы: проблемалары мен келешегі» курсының аясында «Қазақстан және 2050: бұрынғы стратегия әлі де өзекті ме?» тақырыбындағы дәрісімен «Аналитика мектебі» бағдарламасының спикері болды.

30 жылдан астам тәжірибесі және 50 елде зерттеулер мен дәлелді саясат бойынша кеңес берудегі жетістіктері бар көрнекті экономист және саясаткер Катсу мырза — «Қазақстан-2050» Стратегиясының бас редакторы және Қазақстан үкіметі қабылдап, жүзеге асыруға міндеттенген бес институционалдық реформа авторларының бірі.

Дәріс барысында Катсу мырза елдегі саяси және экономикалық реформалар мен саяси тұрақтылық, заң үстемдігі және үкіметтің тиімділігі тұрғысынан нәтижелерге шолу жасады.

2050 Стратегиясы аясында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсаты табыс деңгейінің төмендігі, инфляция сынды экономикалық қиындықтарға тап болған талай қазақстандық үшін сол кезде қол жетпестей көрінген шығар. Дегенмен, стратегия қаншалықты өршіл болып көрінсе де, болашаққа бағдар ретінде әрекет етті, — деп бөлісті Катсу мырза.

Дәрістен кейін тыңдаушылар интерактивті пікірталасқа қатысуға шақырылды. Оның барысында олар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тыңдаушылар үн қосқан ең өзекті тақырыптардың бірі болды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың факторлары мен себептері жөнінде ойларымен бөлісті. «Тарихи мұраны назардан тыс қалдыруға болмайды», — деді NU президенті Катсу, саяси сыбайлас жемқорлықты көптеген посткоммунистік қоғамдардағы кеңестік мұрасы екендігі туралы айтқанында.

Дәріс Қазақстандық және шетелдік беделді сарапшылар қатысатын ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубы ұйымдастырған бағдарламаның бір бөлігі болды. 2022 жылдың желтоқсанында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Аналитика мектебінің екінші кезеңіне іріктеу үдерісін бекітті. Бағдарлама мемлекеттік басқару, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы аналитикалық тәсілдерді күшейтуге бағытталған.

«Аналитика мектебі» атанған қоғамдық бастаманың екінші кезеңіне 300-ден астам өтініш түскенімен, жан-жақты тексерістен өткеннен кейін 60 адам ғана іріктеліп алынды. Сегіз апта бойы тыңдаушылар оқытушылармен және жаттықтырушылармен кездеседі. Дәрістер сенбі күндері үш тілде, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, өтеді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53