Asiacolor Global және Nazarbayev University Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

30 қаңтарда 1Thirty Holding компаниясы Asiacolor Global және Nazarbayev University-дің (NU) Жаңа материалдар және энергия технологиялары институты Қазақстанда бояулар, лактар және ұнтақ жабындар саласындағы зерттеулер мен инновацияларды дамытуға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Asiacolor Global компаниясының бас директоры Александр Глухов және институттың бас директоры профессор Жұмабай Бәкенов қол қойды. Құжат ғылыми қоғамдастық пен […]
Nazarbayev University жаңа вице-президентін таныстырады

Белгілі биомедицина ғалымы профессор Хак Нг Nazarbayev University-дің вице-президенті және Медицина мектебінің деканы қызметіне тағайындалады. Профессор Нг National University of Singapore-де бакалавриат дәрежесін алып (NUS), ал University of Edinburgh-да доктор атанды, кейін Harvard Medical School-да постдокторантурадан өтті. Академиялық мансабын NUS университетінде ассистент-профессор ретінде бастап, кейін Сингапурдың жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу агенттігі – Agency for Science, Technology […]
EcoTalks: қалдықтарды басқару мәселелері бойынша пікірталас алаңы

28 қаңтар күні Nazarbayev University-де қалдықтарды басқару саласындағы өзекті экологиялық мәселелерге арналған EcoTalks пікірталасы өтті. Іс-шара қалдықтардың пайда болуынан бастап, оларды бөлек жинау, қайта өңдеу, қайта пайдалану және zero-waste тәжірибелерін енгізуге дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтыды. Шара NU Тұрақты даму кеңсесінің ұйымдастыруымен өтті. EcoTalks алаңы мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылыми қауымдастықтың, экологиялық бастамалардың және студенттер қауымдастығы […]
NU мен италиялық Maire инженерлік компаниясы меморандумға қол қойды

29 қаңтарда Nazarbayev University (NU) энергетика, мұнай-газ және химиялық өнеркәсіп объектілерін жобалау және салумен айналысатын ірі италиялық Maire инженерлік-технологиялық компаниясы делегациясын қабылдады. Кездесу барысында білім беру, ғылыми зерттеулер, адам капиталы мен инновацияларды дамыту саласында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға NU президенті профессор Вакар Ахмад пен Maire компаниясының Орталық Азиядағы өңірлік […]
Nazarbayev University Қазақстан университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтеді

26 қаңтарда Nazarbayev University (NU) президенті Вакар Ахмад бастаған делегация екі қазақстандық университет – Abai University және Satbayev University-ге оқу-ағартушылық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамына сондай-ақ атқарушы вице-президент Аслан Сәрінжіпов, провост Рехан Садық және университеттің басқа өкілдері кірді. Кездесу барысында тараптар оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру […]
Nazarbayev University Abai Creative Hub ашты

Nazarbayev University (NU) ресми түрде Abai Creative Hub-ты ашты, бұл Абай Құнанбайұлының рухани және әдеби мұрасын дәріптеуге арналған көпсалалы кеңістік болып табылады, сондай-ақ шығармашылық, білім беру және зерттеулерді дамытуға бағытталған. Хаб ашық және инклюзивті орта қалыптастыруды мақсат етеді, ол жастардың интеллектуалдық және мәдени әлеуетін Абайдың іліміне негізделе отырып дамытады. NU Президенті Вакар Ахмад: «Абай елдің […]
NU-да қонақ дәрісі: Канада мен Орталық Азияның ынтымақтастығы

Nazarbayev University (NU) Канада Елшісі Кристофер Дагганның (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан) қонақ дәрісін ұйымдастырды. Іс-шараға NU-дың әртүрлі мектептерінен профессорлар мен студенттер қатысты, олардың көпшілігі дипломатиялық мансапқа қызығушылық танытты. Дәріс Канада сыртқы саясатының басымдықтары мен Орталық Азиямен серіктестігіне арналған. Кездесу барысында геосаясат, миграция, аймақтық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен бастамалардың маңызы және […]
Bett UK 2026 көрмесінде NU түлектерінің үш стартапы таныстырылды

Nazarbayev University 21 қаңтарда Ұлыбританияда басталған халықаралық білім беру көрмесі Bett UK 2026 аясында өз жетістіктерін таныстыруда. Университет Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, академиялық бағдарламаларын және білім беру технологиялары саласындағы (EdTech) әзірлемелерін ұсынды. Көрменің алғашқы күні өткен Leading EdTech атты негізгі іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім […]
NU зерттеу жобалары THE Asia Awards 2026 байқауының қысқа тізіміне енді

Nazarbayev University ұсынған екі зерттеу бастамасы Times Higher Education (THE) Asia Awards 2026 сыйлығының қысқа тізіміне еніп, жаратылыстану-техникалық ғылымдар (STEM) мен әлеуметтік ғылымдар салаларындағы жоғары жетістіктері үшін мойындалды. Бұл марапат Азияның сан қырлы жоғары білім кеңістігіндегі көшбасшылықты, жаңашылдықты және институционалдық ықпалды дәріптейді. «Жылдың үздік зерттеу жобасы: STEM» номинациясы бойынша NU жетекшілік еткен жоба экологиялық таза […]
Ғылым мен атом энергетикасы: ынтымақтастық әлеуеті

Nazarbayev University-дің ғылыми әлеуетін Қазақстанның атом саласымен ұштастыру мүмкіндіктері, қолданбалы зерттеулерді іске асыру және жоғары білікті кадрлар даярлау мәселелері 21 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Саткалиевтің университетке жасаған сапарының басты тақырыптарына айналды. NU басшылығымен өткен кездесуде тараптар өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, атом энергетикасы жобаларын ғылыми-техникалық тұрғыда сүйемелдеуге ғалымдардың […]