NU Dance Club 15 жылдығын концертпен атап өтті

2026 жылғы 25 ақпанда Nazarbayev University базасында NU Dance Club клубының 15 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті. Іс-шара университет студенттерін, түлектерін және қонақтарын біріктіріп, клубтың кампус мәдениетіне қосқан үлесін атап өтуге мүмкіндік берді. Концерт клубтың шығармашылық болмысы мен командалық рухын көрсететін street және freestyle бағыттарындағы жарқын қойылымдардан тұрды. 2010 жылы университеттегі алғашқы студенттік ұйымдардың бірі […]
Nazarbayev University вице-провосты Аида Сағынтаева Advance HE жетекші сарапшысы болып сайланды

Nazarbayev University академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі вице-провосты, сондай-ақ Жоғары білім беру мектебі деканы доктор Аида Сағынтаева бүкіл әлем бойынша жоғары білім сапасын дамытуға бағытталған британиялық Advance HE ұйымының жетекші сарапшысы болып сайланды. Ұйым кәсіби мойындаудың төрт деңгейін қарастырады: Associate Fellow (AFHEA), Fellow (FHEA), Senior Fellow (SFHEA) және ең жоғары деңгей — Principal Fellow (PFHEA). […]
NU түркі әлемінің үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді

Беделді халықаралық Times Higher Education агенттігі алғаш рет Орталық Еуразия университеттерінің рейтингін жариялады. Жүздеген беделді түркі жоғары оқу орындарының ішінде Nazarbayev University төртінші орыннан көрініп, бұл сатыны Түркиядағы Boğaziçi University-мен бөлісті. Аймақтың 122 университеті қамтылған бұл тізім Times Higher Education World University Rankings 2026 жаһандық рейтингінің нәтижелері негізінде түзілген. NU Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап […]
NU-дың 16 ғалымы ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлықтар мен стипендияларға ие болды

Алматыда ғылым мен жоғары білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан өкілдерді марапаттау рәсімі өтті. «Үздік ғылыми қызметкер» және «ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурстарының жеңімпаздарына медальдар, арнайы сыйлықтар, ғылыми стипендиялар мен дипломдарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев және Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова салтанатты түрде […]
NU Алматыдағы көрмеде отандық литий-ионды батарея үлгілерін таныстырды

Nazarbayev University зерттеушілері Алматыда өткен инновациялар көрмесінде Қазақстанда әзірленген жаңа литий-ионды батарея прототиптерін ұсынып, елдің озық энергетикалық технологиялар саласындағы әлеуеті артып келе жатқанын көрсетті. Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырып, Satbayev University базасында өткен іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарынан шамамен 40 зерттеу жобасы қатысты. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында профессор Жұмабай Бәкенов жетекшілік ететін […]
NU студенттері AUA форумы аясында Seoul National University-де болды

Nazarbayev University бакалавриат және магистратура бағдарламаларында білім алып жатқан бес студент 19-25 қаңтар аралығында Сеулде өткен AUA–SNU Youth Forum 2025: Тұрақты қалалар және көне мұра форумына қатысты. Форум Азиялық университеттер альянсы аясында ұйымдастырылған, оған Азиядағы 15 жетекші университет, соның ішінде NU кіреді. Іс-шараның басты тақырыбы жедел урбанизация мен тарихи-мәдени мұраны сақтау арасындағы тепе-теңдікті іздеу болды. […]
Ғылым кадрда: микродүниеден ғарышқа дейін

Қазақстанда ғылыми фотосуретке арналған халықаралық Wiki Science Competition байқауының ұлттық кезеңі аяқталды. Байқауды Nazarbayev University ұйымдастырды. Ұлттық кезеңде үздік танылған жұмыстар 2026 жылдың ақпанында өтетін халықаралық кезеңге жолдама алады.Биыл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 517 өтінім түсті. Ғалымдармен қатар сирек табиғи құбылыстар мен елдің бірегей биоалуан түрлілігін бейнелейтін саяхатшылар мен табиғат зерттеушілері де белсенді қатысты. Жұмыстар жеті […]
Қазақстанда алғаш рет жылжымайтын мүлік токендерінің эмиссиясы Apartchain іске қосылды

11 ақпанда Nazarbayev University-де инновациялық қаржы нарығы үшін маңызды оқиға — Apartchain платформасының және Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген алғашқы токендер эмиссиясының ресми іске қосылу салтанаты өтті. Іс-шараға NU Impact Foundation, ҚР Ұлттық банкі, инвесторлар, технологиялық қауымдастық өкілдері және девелоперлер қатысты. Алғысөзінде NU Impact Foundation басқарма төрағасы Саят Нүсіпов экономикалық өсімді қолдау үшін жаңа […]
Профессор Саманта Смидт NU-дың Академиялық істер жөніндегі вице-провосты қызметіне кіріспек

Профессор Смидт қазіргі таңда King’s College London университетіндегі King’s Academy-де жоғары білім беру профессоры және академиялық директор болып жұмыс істейді. Ол университеттің орталық академиялық даму функциясын басқарады және факультеттермен тығыз жұмыс істей отырып, оқытудың сапасын жақсарту, оқу бағдарламаларын жаңғырту және академиялық көшбасшылықты нығайту бағытында қызмет етеді. Бұрын ол University College London-да академиялық тәжірибе және кәсіби […]
Инновациялық оңалту экзоскелеті нарыққа шығады

Nazarbayev University-нің (NU) ғалымдары əзірлеген Astana Gait Exoskeleton Assisted Rehabilitation (A.GEAR) инновациялық медициналық экзоскелеті мемлекеттік тіркеудің барлық кезеңінен ресми түрде өтіп, жаппай өндіріске дайын болды. Құрылғы инсульттен кейінгі науқастарды жəне тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалтуға арналған. Ол Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысынан кейін тіркеу куəлігін алды. A.GEAR — клиникалық қолдануға толық […]