Бағдарлау аптасын өткізу — NU-дың қалыптасқан дәстүрі. Жаңадан келген студенттер бір-бірімен, профессорлармен, кампуспен сабақ бастар алдында танысу мақсатында ұйымдастырылады. NU әкімшілігі мен қызметкерлер университеттің ішкі жұмысы мен ережелерін түсіндіріп, бар сұрақтарға жауап береді.
Барлығы жатақханаға тіркелуден басталады: студенттер келісім-шартқа қол қойып, сәлемдесу пакетін алады. Студенттерді қабылдау басқармасы көктемнен бастап бағдарлауға дайындалып, студенттердің алғашқы қадамдары мүмкіндігінше кедергісіз өтуі үшін бар күш-жігерін салады.
Апталық барысында студенттер оқу талаптары, тіркеу тәртібі, әртүрлі ішкі бөлімдер және олардың функциялары, қауіпсіздік шаралары, кітапхананың жұмысы тәртібі туралы мәліметпен танысады. Әкімшілік тіпті курстарға сынамалық тіркеуін жүргізеді, өйткені мектептегі алдын ала дайындалған кестеге үйренген студенттер үшін бұл процесс те қиынға соғуы мүмкін.
Жалпы ақпараттан басқа, студенттер өз бағдарламалары туралы көбірек біліп, сонымен қатар факультеттің жеке сессияларында оқытушыларымен танысады. Халықаралық студенттер үшін де арнайы сессия ұйымдастырылады.
Бағдарлау аптасына ата-аналар да қатысады. 6 тамыз күні студенттердің өмірі туралы көбірек білгісі келетін барлық туыстары университетке экскурсияға шақырылды. Әр ата-ана өз сұрақтарын қойып, NU бөлімдерден ақпараттық сессияны тыңдай алды.
Бағдарлау апталығында жаңадан келген дарабоздар студенттік өмірдің дәмін татады. Көптеген ойын-сауық, академиялық және спорттық шаралар ұымдастырылады. Ал басқа қалалардан келген студенттер үшін Қазақстан астанасының көрікті жерлеріне арнайы экскурсиялар өтті.
Бағдарлау апталығының соңғы актісі – Студенттер қатарына қабылдау рәсімі. Іс-шара барысында жаңадан келген студенттер университеттің академиялық принциптерін сақтауға және NU қауымдастығының толық мүшесі болуға уәде береді.
Назарбаев Университеті барлық жаңадан келген студенттерді өмірлерінің жаңа кезеңімен құттықтап, оқуда сәттілік тілейді!







