NU-ға жаңадан 34 профессор мен 120 докторант қосылды

Биыл АҚШ, Қытай, Мысыр, Түркия, Бельгия, Португалия, Ұлыбритания және Қазақстан сынды 16 елден келген маман университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына қосылып отыр. Олар компьютерлік ғылымдар, химия, экономика, геология, тарих, антропология, тілдер мен әдебиет, академиялық жазу және көшбасшылық сияқты пәндер бойынша білім беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Оларды 6 қыркүйекте өткен кіріспе сессияда NU проректоры, вице-проректорлар және мектептердің декандары қарсы алып, түрлі департамент өкілдері қатарға жаңадан қосылған оқытушылар мен олардың отбасына арналған виза алу, көші-қон, қоныс аудару мәселелері, тұру жағдайлары, әлеуметтік пакеттер, кампустағы қауіпсіздік және т.б. қызметтер туралы түсіндірді.

Сонымен қатар биыл 120 PhD студент оқуға түсті, олар инженерия, робототехника, IT, өмір туралы ғылымдар, математика, бизнес және т.б. салалар бойынша білімдерін шыңдамақ. Докторанттар семестрдің басында ұйымдастырылған Бағдарлау аптасы аясында университетпен танысып үлгерген.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53