Samsung Innovation Campus Хакатонында NU студенттері жеңіске жетті

Назарбаев Университетінің студенттері беделді Samsung Innovation Campus Хакатонында «Бағдарламалар мен қолданбалар» және «Ақылды құрылғылар» номинациялары бойынша бірінші орын алды. Берілген 24 сағаттың соңында жобалар білікті қазылар алқасының алдында қорғалды.

Назарбаев Университетінің студенттері беделді Samsung Innovation Campus Хакатонында «Бағдарламалар мен қолданбалар» және «Ақылды құрылғылар» номинациялары бойынша бірінші орын алды.

Берілген 24 сағаттың соңында жобалар білікті қазылар алқасының алдында қорғалды. 2017 жылы іске қосылған Samsung Innovation Campus – Қазақстандағы мектеп оқушылары мен студенттеріне мобильді қосымшаларды әзірлеу, үлкен деректерді талдау, машиналық оқыту және жасанды интеллект дағдыларын дамытуға арналған тегін білім беру жобасы.

«Бағдарламалар мен Қосымшалар» санатындағы ертегілерді оқуға арналған интерактивті қосымшасымен бірінші орынды Әсел Абзалова, Абылай Қайратбек, Еламир Қадырғалиев және Арман Болатов иеленді. Смағұлқасым Арсланов пен Нұрбол Бижігіт «Ақылды Құрылғылар» санатындағы интерактивті тақталарға инновациялық баламасымен жеңімпаз атанды.

Марапаттауға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин қатысты. Екі номинация бойынша жеңімпаздарға 3-орыннан 1-орынға дейін сәйкесінше 750 000, 1 500 000 және 2 500 000 теңгенің сертификаттары табыс етілді және жеңімпаз команданың әрбір мүшесі LinkedIn платформасындағы курстарға жыл сайынғы рұқсат алды, деп хабарлайды Inbussiness және бірқатар. басқа БАҚ.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53