NU студенттері Финляндияның білім беру жүйесі туралы ақпарат алды

Финляндиядағы білім беру жүйесі көптеген жылдар бойы әлемдегі ең үздіктердің бірі болып танылды. 2023 жылғы 17 қаңтарда оқыған дәрісінде Мякеляйнен-Буханист ханым Финляндиядағы білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы және оның бүгінгі ерекшеліктері туралы айтты.

Финляндиядағы білім беру жүйесі көптеген жылдар бойы әлемдегі ең үздіктердің бірі болып танылды. 2023 жылғы 17 қаңтарда оқыған дәрісінде Мякеляйнен-Буханист ханым Финляндиядағы білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы және оның бүгінгі ерекшеліктері туралы айтты. 2000 жылдары Финляндияның білім беру жүйесі осы саладағы жоғары халықаралық рейтингтерге байланысты бүкіл әлемнің назарын аудара бастады. PISA соңғы рейтингінде Финляндия тамаша академиялық нәтижелер мен студенттердің қанағаттануының жоғары деңгейінің үйлесімімен ерекшеленеді. Салауаттылық — Фин біліміндегі негізгі фактор.

Дәріс университет қауымы: студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін өткізілді. Дәріс тақырыбы студенттердің үлкен назарын аударды.

Соили Мякеляйнен-Буханист ханым экономика магистрі дәрежесіне ие, халықаралық қатынастар саласында білімі бар, жеті тілді жетік меңгерген. Финляндия Республикасының Елшісі болып тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы экономикалық байланыс департаментінің аға кеңесшісі қызметін атқарған.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53