2022 жылдың 4 қарашасында NU SEDS үздік студенттері, декан Вассилиос Турасcис, деканның орынбасары Елизавета Архангельская және NU SEDS кафедра меңгерушілері студентті марапаттау салтанатына жиналды. Профессор Турасcис үздік студенттерге мақтау қағаздарын табыс етті.
Марапаттау салтанатында инженер студенттерден құралған оркестр қазақтың күйлерін күмбірлетсе, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенті Аружан Рысаева асқақтата ән салды.
Аталған марапат семестрде 4, 00-ден 3, 75-тен жоғары балл жинап қажырлы еңбектің үлгісін көрсеткен студенттерге ғана беріледі. Оны иелену – білімге деген құлшыныс пен табандылықты қажет ететін үлкен жеке жетістік. Студенттерімізге сіздің академиялық және мансаптық мақсаттарыңызға жету жолында жұмыс істеп, ерекше нәтижелерге ұмтылуды жалғастыра отырып, сәттілік тілейміз. Біз сіздің NU SEDS үздік және табысты студенттерінің қатарына қосылғаныңызды мақтан тұтамыз және сізге үлкен жетістіктерге жету жолында көмектесуге әрқашан дайынбыз.
Студенттерімізге университет қабырғасында бұдан әрі де осындай биік мақсаттарды бағындыруда тілектеспіз және де сәттілік серік болсын дейміз.








