НУ ғалымдары: ғылымға бағытталған инвестициялар елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытады

Жаңа Қазақстан жағдайында отандық ғылым қандай бағытты ұстануы керек? Ғалымдар нені ескеруі тиіс? “Егемен Қазақстан” тілшісі бұл сұрақтарды қазір отандық ғылымға олжа салып жүрген білікті мамандарға, атап айтқанда, «Астана» ұлттық зертханасының басшысы Дос Сарбасов, Назарбаев Университетінің профессоры Алима Бисенова, Материалдарды перспективалық зерттеу және лазерлік технологиялар зертханасының директоры Жандос Өтеғұлов, Назарбаев Университеті президентінің кеңесшісі Қанат Байғарин жауап берді. “Ғылым елде туындаған сын-қатерлерді сапалы түрде жеңуге көмектесуі тиіс.

Жаңа Қазақстан жағдайында отандық ғылым қандай бағытты ұстануы керек? Ғалымдар нені ескеруі тиіс? “Егемен Қазақстан” тілшісі бұл сұрақтарды қазір отандық ғылымға олжа салып жүрген білікті мамандарға, атап айтқанда, «Астана» ұлттық зертханасының басшысы Дос Сарбасов, Назарбаев Университетінің профессоры Алима Бисенова, Материалдарды перспективалық зерттеу және лазерлік технологиялар зертханасының директоры Жандос Өтеғұлов, Назарбаев Университеті президентінің кеңесшісі Қанат Байғарин жауап берді.

“Ғылым елде туындаған сын-қатерлерді сапалы түрде жеңуге көмектесуі тиіс. Бұл ретте әлемдік ғылыммен байланысты бұзуға болмайды. Жаһандық сипат пен бәсекеге қабілеттілікті естен шығармау маңызды. Сондықтан мемлекеттің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жүйесін дамыту қажет. Осының аясында Үкімет елдің болашақта табысты дамуы үшін маңызды мәселелер мен міндеттерді алға қоюға тиіс те, ал ғалымдар оларды шешуге міндетті” — деп бөлісті НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Алима Бисенова. Толығырақ “Егемен Қазақстан” мақаласынан оқыңыздар.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53