Стэнфорд университетінің зерттеушілері жыл сайын жүйелі библиометриялық зерттеулер негізінде әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Рейтинг екі түрлі деректер базасынан тұрады: біреуі ғалымдардың бүкіл мансап жолына негізделген, екіншісі — өткен жылдағы жетістіктері бойынша. 2022 жылдың 3 қарашасында жарияланған соңғы деректерге сәйкес, Назарбаев Университетінің (NU) ғалымдары 2021 жылы өз салаларындағы жарияланымдарының ықпалы бойынша әлемдегі ең үздік 2% ғалымдардың қатарына енді.
Мәліметтер базасы 200 мыңға жуық ғалымдардың қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде дәйексөздерді, жарияланымдар мен сілтемелерді көрсететін h-индексін, бірлескен авторлықпен жазылған жарияланымдарды есепке алатын hm-индексін, сондай-ақ жиынтық көрсеткішті ұсынады (c-score). Есептеулер 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі барлық Scopus автор профильдеріне негізделген.
Әлемдегі ең көп келтірілген NU ғалымдары мен авторлары олардың мансабындағы ықпалының дәрежесі бойынша:
Массимо Пиньятелли, Медицина жөніндегі вице-президент – NUSOM деканы
Прим Сингх, профессор, NUSOM
Константинос Валагианнополос, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Весселин Паунов, профессор, NU SSH Химия кафедрасының меңгерушісі
Антон Десятников, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Тимур Атабаев, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Виктор Брус, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Шазим Мемон, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Вуджин Ли, профессор, NU SEDS
Саффет Ягыз, қаумдастырылған профессор, NU SMG
Дениель Тоси, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Беруз Махам, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Мухаммад -Тахир Ахтар, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Рэнди Дойл Хазлетт, профессор, декан, NU SMG
Антонио Саррия-Сантамера, қаумдастырылған профессор, NUSOM
Ду Тон, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Жан Жак Зонди, профессор, NU SSH
2021 жылғы жарияланымдар негізінде NU үздік зерттеушілері:
Шазим Мемон, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Константинос Валагианнополос, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Весселин Паунов, профессор, NU SSH Химия кафедрасының меңгерушісі
Виктор Брус, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Тимур Атабаев, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Саффет Ягыз, қаумдастырылған профессор, NU SMG
Дениель Тоси, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Беруз Махам, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Мухаммад -Тахир Ахтар, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Антонио Саррия-Сантамера, қаумдастырылған профессор, NUSOM
Ду Тон, қаумдастырылған профессор, NU SEDS,
Дос Сарбасов, профессор, NU SSH, генеральный директор NU National Laboratory
Димитри Поддиге, қаумдастырылған профессор, NUSOM
Мехди Багери, қаумдастырылған профессор, NU SEDS,
Руслан Календарь, жетекші ғылыми қызметкер, NU National Laboratory Astana
Даниель Малафарина, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Зорбас Димитриос, ассистент профессоры, NU SEDS
Карло Моларди, қаумдастырылған профессор, NU SEDS
Майкл Гуд, қаумдастырылған профессор, NU SSH
Аскар Боранбаев, ассистент профессоры, NU SEDS
Овейс Абединия, ғылыми қызметкер
Амин Хамед Машхадзаде, Постокторант
Нунна Кумар, Ассистент профессор.
Сонымен қатар, бұл тізімге енген марқұм профессорларымыз Дж.-Дж. Зонди, А.Рудерман және Кумар Нуннаны еске аламыз.
Scopus мәліметтері бойынша, соңғы бес жылда ең беделді Q1 журналдарындағы НУ жарияланымдарының саны өсті және қазақстандық университеттердің Q1 журналдарында жарияланған барлық ғылыми мақалалардың 1/3-нен астамын құрады. Басқа зерттеушілер университеттің ғылыми жарияланымдарына қаншалықты жиі сілтеме жасайтынын көрсететін тағы бір көрсеткіш – Өсудің орташа дәйексөз индексі (FWCI) – соңғы бес жылда ол 1,34 болды. Басқаша айтқанда, НУ басылымдарына дүниежүзілік орташа көрсеткіштен 34%-ға артық сілтеме жасалған.








