Оның мақсаты – бүйрек денсаулығы маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Бүкіл әлемде қант диабеті, гипертония, семіздік және жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуі салдарынан пайда болаған бүйрек ауруларының таралуына байланысты 2006 жылдан бері наурыздың екінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік бүйрек денсаулығы күні бүйрек денсаулығының маңыздылығын еске салады.
Осы жаһандық бастаманың аясында UMC клиникалары, оның ішінде Ана мен Бала орталығы, Диагностикалық орталық және Жүрек орталығы, сондай-ақ University Health Center Астана тұрғындары мен қонақтарына 2024 жылдың 14 наурызында тегін скринингтерді ұсынды. Скринингтерге кешенді консультациялар, қан қысымын өлшеу, бүйрек қызметін бағалау үшін қан мен зәр анализі кіреді.
Скринингтерден кейін 2024 жылдың 15 наурызында NU Медицина мектебінде «Баршаға арналған сау бүйрек: көмек көрсетуге және үздік медициналық тәжірибеге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбында конференция өтті. Конференция денсаулық сақтау саласының мамандарына арналды және бүйрек денсаулығы туралы хабардарлықты арттыруға, сонымен қатар әділ медициналық көмек пен үздік дәрі-дәрмек тәжірибесі арқылы қоғамның әл-ауқатын арттырудың маңыздылығына бағытталған.
Бұл іс-шаралар НУ Медицина мектебі мен UMC-дың бүйрек денсаулығы мен қазақстандық тұрғындардың жалпы денсаулығы туралы хабардарлығын арттыруға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Осындай бастамалар арқылы олар медициналық білім беру мен қызмет көрсетуді дамытуда басты рөл атқарып, профилактикалық шаралардың маңыздылығын және барша адамдардың медициналық көмекке қолжетімділігін атап өтуде.







