NU профессорының кітабы электрондық кітап рейтингтердің көшін бастап тұрды

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) профессоры және академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары Риккардо Пелиццо «Жауапкершілік мәдениеті. Демократиялық ізгілік» кітабін итальяндық саясаттанушы және Болон университетінің профессоры Джанфранко Паскуиномен бірлесіп жазған.

Eң танымал Amazon интернет-дүкенінің кестелерінде кітап қоғаммен байланыс және мемлекеттік басқару саласындағы электронды кітаптардің тізімінде 1-ші орынға ие болды, сонымен қатар АҚШ-тан тыс құқықтық жүйелер және халықаралық қатынастар саласында 2-ші орынға ие болды.

Кітап авторлары институционалдық, саяси, тарихи және мәдени факторлардың саяси жүйенің жауапкершілігіне ықпал ететін немесе алдын алатын көптеген күрделі жолдарын талқылайды. Профессордың кітабы туралы сұхбатын оқыңыз.

Доктор Пелиццо өз зерттеулерінде дамушы елдердегі саяси даму, институционалдық реформа және институционалдық көрсеткіштер мәселелеріне назар аударады.Ол парламенттердің әлеуеті мен қызметін бағалауға арналған шаралар мен бағдарларды әзірлеген. Қазіргі уақытта профессор саяси тұрақтылықты және тиімді басқарудың басқа өлшемдерін өлшеу үшін бірнеше диагностикалық құралдарды зерттеп жүр.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53