Бұл жарыстар 20-дан астам ел мен 600-ден астам университет қатысатын әлемдегі ең беделді инженерлік жарыстардың бірі болып табылады. NU Motorsports — Қазақстаннан осындай әсерлі жарысқа қатысқан алғашқы FS командасы. Қазіргі уақытта NU Motorsports FS Germany — ге қатысатын 84 командаға қосылды, ал күту тізімінде әлі де 129 команда бар.
Топ басшысы бөлісті: «Біздің осындай жарыстарға қатысқанымыз өте керемет. Өте қиын сұрақтар болды, бірақ біз басқа командаларға қарағанда оларды тезірек шештік. Біз тіпті FSG топтарының бірі Монаш университетін басып оздық».
Команда өзінің жарыс көлігінің техникалық дизайнымен белсенді түрде жұмыс істеуде, командалық жұмыс стратегияларын әзірлеу үшін технологиялық көрмелерге белсенді қатысуда.Сондай-ақ қаржылай қолдаушдарды табу мақсатында олар Nobel Fest, Digital Bridge, Automechanica және Astana Creative Days сияқты ауқымды технологиялық инновациялық көрмелерге қатысты. Олардың мақсаты – жарысқа дайындықты сәтті аяқтау және Kazakhstan Racing жобасын насихаттау.







