НУ Елшіліктер күнін өткізді

Университет қалашығында өткен шараға 60-тан астам шетелдік дипломатиялық өкілдері шақырылды. Іс-шараның идеясы мәдениетаралық коммуникацияны және өзара сыйластықты ілгерілету, Назарбаев Университеті мен шет елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Іс-шараны студенттер оркестрі ашып, университет президенті Шигео Катсу мырза университеттің соңғы жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы сөз сөйледі.

НУ Провосты Илесанми Адесида қонақтарды академиялық және ғылыми зерттеулермен таныстырып, сонымен қатар студенттердің жетістіктері туралы айтты. Дипломаттардың назарына медициналық білім беру, академиялық адалдық және білім сапасы мәселелері және университеттің инновациялық қызметі, оның ішінде жасанды интеллектті дамыту саласындағы қысқаша баяндамалар жасалды.

Кездесу аясында қонақтарға профессорлар мен студенттердің бірлескен жобалары көрсетілді. Олар — мүмкіндігі шектеулі жандардың жылдам қозғалуына көмектесетін BULAN әмбебап электр қондырмасы және “Формула SAE” деп аталатын халықаралық жарыстарға автокөлік жасау жобасы.

Соңғы екі-үш жылда дипломатиялық корпус айтарлықтай жаңартылды, сондықтан «Елшіліктер күні» пандемия салдарынан әлсіреген байланыстарды қалпына келтіруге, жаңа дипломатиялық миссиялар өкілдерімен танысуға және университеттің соңғы жетістіктері мен қызметі туралы әңгімелесуге тамаша мүмкіндік болды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53