Африка күні аясында Африка елшіліктері шағын экспозициялар ұйымдастырды. Қонақтар осы елдердің тарихымен, бай мәдениетімен және тағамдарымен танысуға мүмкіндік алды.
Африка күні 1963 жылы 25 мамырда Африка бірлігі ұйымы құрылғаннан бері жыл сайын атап өтілуде. Кейінірек бұл ұйым Африка Одағы болып өзгертілді. Қазіргі таңда ұйымға 50-ден астам мемлекет мүше болды. Іс-шараны Мысыр мен Марокко елшілері және НУ Провосты ашты.
Өзінің құттықтау сөзінде НУ Провосты, профессор Илесанми Адесида осы дата туралы тарихи мәліметтер берді.
«1963 жылы Африка бірлігі ұйымын құру үшін Аддис-Абебаға ұлы мырзалар мен зиялылар келді. Олардың есімдері Гамаль Абдель Насер, Хайле Селассие және Кваме Нкрума… Олардың принциптері тұрғысынан жасағандары бүгінгі күні өзекті болып қала береді. Африка континентінде тамақтанудың тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелері бүгінгі күннің тақырыбында көрініс тапты», — деді Провост Адесида.
The Astana Times мәліметі бойынша, Африка Одағына біріккен елдер биыл Африка континентінде тамақтану тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ниет білдірген. «…Ұйым мүшелеріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесу үшін құрылған», — деді Марокконың Қазақстандағы Елшісі Мохаммед Рачид Мааниноу.
Еуразияда орналасқан халықаралық зерттеу университеті ретінде Назарбаев Университеті әртүрлілікті мақтан тұтады және барлық елдерден келген талантты студенттерді қабылдайды. Бүгінде университетте әлемнің 30 елінен келген 150-ге жуық шетелдік студенттер білім алуда. Оның ішінде африкандық студенттер де бар.







