Big Idea Challenge – бұл Creative Spark бағдарламасына қатысушы елдердің жастарын инновациялық стартапты дамытуға және оны күллі әлемге жариялауға шақыратын Британ Кеңесінің халықаралық бейне питчинг байқауы.
Биылғы жылы Қазақстаннан байқауға қатысуға барлығы 54 өтінім «Әлеуметтік әсер», «Шығармашылық» және «Цифрлық технологиялар» атты үш номинация бойынша түсті.
Едіге Әкімәлінің «Soyles» жобасы — сурдоаудармаға арналған мобильді қосымша. Студенттің айтуынша, олар Лондон Метрополитен университеті акселераторының тәлімгерінің жетекшілігімен алты ай ішінде бастапқы үлгіні жасауды жоспарлап отыр.
«Негізгі идея — ұялы телефон камерасы арқылы ымдау тілін мәтінге немесе дыбысқа аудару үшін компьютерлік көруді пайдалану. Мобильдік қосымша тегін әрі жарнамасыз болады. Әңгіме екі жаққа да өтуі үшін дауысымыз бен мәтініміз ымдау тілі бар бейнеге айналады. Дүние жүзінде осындай жобалар бар, мысалы, Google-дан қолдау алған бразилиялық «Hand Talk App» стартапы. Бірақ ол мәтінді ымдау тіліне ғана аударады және қарама-қарсы бағытта жұмыс істей алмайды. Мен бұл идея бірінші болады деп айтпаймын, бірақ біз оны барынша ыңғайлы етіп жасағымыз келеді,» — деді Едіге.
Creative Spark – Ұлыбритания елінің Орталық Азияның жеті елінде (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказда (Әзербайжан, Армения, Грузия) сонымен қатар, Украинаның қолдауымен кәсіпкерлік әрі креативті экономика дағдыларын дамыту үшін халықаралық университеттік және институционалдық серіктестіктерді қолдауға арналған бес жылдық бастамаcы.
Оған 18 бен 35 жас аралығындағы жастар жеке немесе команда болып (команда мүшелерінің саны төрт адамнан аспауы тиіс) қатыса алады.








