NU қызметкерлері коммерцияландыру тәжірибесі туралы айтып берді

Атап айтқанда, стартаптарды қолдау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен NU-дағы инновациялық экожүйенің элементтері таныстырылды. 2024 жылғы 26 сәуірде NU қызметкерлері «Шоқан оқулары-28: Жаңа ғылыми парадигма: ынтымақтастық, цифрландыру және коммерцияландыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Атап айтқанда, стартаптарды қолдау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен NU-дағы инновациялық экожүйенің элементтері таныстырылды.

2024 жылғы 26 сәуірде NU қызметкерлері «Шоқан оқулары-28: Жаңа ғылыми парадигма: ынтымақтастық, цифрландыру және коммерцияландыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Дәстүрлі конференция 28 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайынғы іс-шараны Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ұйымдастырады. Шоқан оқуларының негізгі мақсаты – тарихшы ғалым, этнографтың қазақ ғылымына, тарихына және әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеп, сондай-ақ техникалық, ауыл шаруашылығы және гуманитарлық бағыттар бойынша ғылыми жұмыстарды таныстыру.

Өткен конференцияның негізгі тақырыптарының бірі коммерцияландыру болды. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жүйесін құрудың және инновациялық жобаларды ілгерілетудің өзектілігін ескере отырып, коммерцияландыру – Қазақстанның барлық жоғары оқу орны үшін өзекті міндет. Отырыста әріптестер коммерцияландыру экожүйесін жолға қою бойынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Өнеркәсіппен байланыс және коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Динара Бердіханова NU жобаларын коммерцияландыру тәжірибесі, атап айтқанда, зияткерлік меншікті қорғау және басқару жөніндегі жұмыс жүйесі, сондай-ақ коммерцияландыруға бағытталған жобалармен жұмыс туралы айтып берді.

NURIS инновациялық кластерінің аға менеджері Әлия Балтабаева стартаптарды қолдау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырып, FABLAB, DC LAB, Прототиптеу цехы және Технопарк сияқты NU-да ұсынылған инновациялық экожүйенің элементтерін сөз етті.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53