Алматыдағы Ашық есік күні

2023 жылдың маусым айында ашылған Алматыдағы Сәтбаев, 4а мекенжайындағы Назарбаев Университетінің жаңа кампусы оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын қабылдады. 28 қазанда талапкерлер үшін жыл сайынғы іріктеу науқаны аясында NU Ашық есік күні өтті.

2023 жылдың маусым айында ашылған Алматыдағы Сәтбаев, 4а мекенжайындағы Назарбаев Университетінің жаңа кампусы оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын қабылдады. 28 қазанда талапкерлер үшін жыл сайынғы іріктеу науқаны аясында NU Ашық есік күні өтті.

Шараға 250-ге жуық адам қатысты. Қонақстар үшін таңертеңнен бастап университетке түсу және оқу туралы ақпараттық сессиялар ұйымдастырылды. Назарбаев Университетінің 8 мектебінің, Мансап және кәсіптік бағдар беру орталығының, NURIS инновациялық кластерінің және т.б. өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берді.

«Барлық сессиялар NU туралы көбірек білгісі келетіндерге толы болды. Таңертеңнен кешке дейін барлық факультеттер үздіксіз өз бағдарламаларын ұсынып, сұрақтарға жауап берді. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін қазақ және орыс тілдеріндегі сессиялар бөлек өткізілді. Қатысушылар Foundation және бакалавриатқа түсу ережелері туралы сұрады, жатақханада тұрудың егжей-тегжейлері мен мамандықтарға қатысты сұрақтар қойылды. Бүгінгі таңда IT, медицина және әлеуметтік ғылымдарға қызығушылық жоғары», — деп өз әсерімен NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисінің басшысы Омарбеков Нұрхан бөлісті.

Шетелдік талапкерлер де NU-да оқуға қызығушылық танытып отыр: Алматыдағы Ашық есік күніне Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Нигерия азаматтары да қатысты. Дәстүр бойынша NU күндері Қазақстанның барлық қалаларында өтеді. Презентациялар кестесін сайттан көруге болады. Жаңа оқу жылына (2024-25) құжаттарды қабылдау басталды, толық ақпаратты NU cайтында таба аласыздар.

Алматыда Назарбаев Университеті Аймақтардағы қызметті дамыту офисінің ашылуы университеттің академиялық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Мұнда қазірдің өзінде әртүрлі конференциялар мен тренингтер өткізілуде, соның ішінде басшылардың, тиімді менеджерлердің және бизнесмендердің дағдыларын дамытуға арналған шаралар.

Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі алматылықтар мен оңтүстік өңірлердің тұрғындары үшін өмір бойы білім беруді қамтамасыз етудегі маңызды мақсатқа жету үшін әртүрлі мамандықтағы көрнекті оқытушылардан тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұсынады.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53