The University of Dundee Назарбаев Университетінің (NUFYP) университет алдындағы дайындық бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттерді өзінің бағдарламаларына қабылдайтынын растады. Бұл растау BALEAP аккредиттеу және академиялық ағылшын тілі курсының — NUFYP EAP сапасын мойындайды.
The University of Dundee – әлемнің және Ұлыбританияның көптеген университеттерінің рейтингісінде жоғары орындарға ие беделді университет. Ол Ұлыбританияның оқыту және оқу саласындағы алтын стандартына ие болды, сондай-ақ «Халықаралық студенттік тәжірибе»санатында танылды. Қосымша ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады: https://www.dundee.ac.uk/rankings.
Біз болашақта басқа университеттермен қосымша келісімдерді күтеміз және қазіргі уақытта Англия мен Шотландия университеттерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.







