Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі 2015 жылдан бастап Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы аясында «Жаһандану және инженерия» курсын ұсынады.
Курс сәтті басталғаннан кейін қауымдастырылған профессор Мария Цакалеру бірінші курсты қорытындылап, курс студенттерге көптеген теориялық және абстрактілі білімдер берді, бірақ мұның бәрі практикамен бекітілмеді деп шешті. Сондықтан ол жаһанданудың білім мен инженерлік практикаға әсерін жеңуде тиімді екенін көрсеткен озық халықаралық тәжірибенің мысалдарын іздей бастады. Нәтижесінде ол Назарбаев Университеті мен Penn State University (PSU) арасында оқыту туралы өзара тиімді келісім жасауға көмектесіп, курсты жаңдандарды.
Профессор Цакалеру мен доктор Дена Ланг, PSU инженерлік көшбасшылықты зерттеу жөніндегі директордың орынбасары, курстың жаңа құрылымын бірлесіп әзірледі де оны 2016 жылдан бері осы форматта жүргізіп келеді. Жеті жыл ішінде шамамен 150 студент осы курсты өтіп, шынайы жаһанданған ортада шетелдік студенттермен бір топтарда оқу және жұмыс істеу пайдалы екен деп айтты.
«Жаһандану және инженерия курсы маған мәдени айырмашылықтардың іскерлік тәжірибеге және топтық жұмыс динамикасына қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік берді. Біз табысты инженерлерге заманауи жаһандық нарықта өмір сүру және жұмыс істеу үшін қажетті негізгі білім салалары мен негізгі құзыреттерді зерттедік. Жеке және мәдени айырмашылықтардың коммуникация мен топтық жұмыс динамика әсеріне ерекше назар аударылды. Енді мен көпмәдениетті топтарда туындауы мүмкін қақтығыстардың көздерін түсіне аламын», — деп жазды студент Ермұхан Майханов LinkedIn профилінде.
«Бұл курс маған уақыт белдеулерінде үлкен айырмашылықпен халықаралық командаларда жұмыс істеудің қиындықтары мен артықшылықтарын түсінуге, кедергілерден өтуге және жаһандық жағдайда ынтымақтастық үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектесті. […] Бұл курс менің халықаралық компанияларда жұмыс істеу деген көзқарасыма қатты әсер етті. Алған білімімді болашақ жобаларға қолдану мүмкіндігін асыға күтемін», — студент Әлішер Айтбаев жазды.
Құрлықаралық ынтымақтастықтан басқа, курс апта сайынғы өзін-өзі бағалау және бір-бірінің жұмысын тексеру, мультимедиа және PSU университетінің онлайн Canvas платформасын пайдалану және де икемді өзін-өзі оқыту кестесі сияқты инновациялық оқыту әдістерін қамтыды. Бұл әдістер 2019 жылы Американдық инженерлік білім беру қоғамының (American Society for Engineering Education) жыл сайынғы конференциясында көрсетілді, онда жалпы өту деңгейі 20% құрайды.







