Қазақстан Халқы Ассамблеясының 32-і Сессиясының бірінші күні Назарбаев Университетінде өтті

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 26-27 сәуірде Астанада «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыппен Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясы өтті.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 26-27 сәуірде Астанада «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыппен Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясы өтті.

Панельдік талқылауларға Президент Әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ, дипломатиялық корпус, ғылыми қызметкерлер, шығармашылық интеллигенция, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері, барлығы 1000-нан астам адам қатысты.

Панельдік талқылау жұмысын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Г.Балаева ашты. Сессияға қатысушыларды құттықтаған Аида Балаева өз сөзінде өткен жылдан бастап сессия форматы өзгергенін, ал бүгін отырыстың алғашқы күні ҚХА жұмысын жақсарту, оның қоғамдық құрылымдарының – этномәдени бірлестіктердің, аналар кеңесінің, ақсақалдар кеңесінің, «Ассамблеясы жастары» жастар қанатының, кәсіпкерлер қауымдастығының және басқа да құрылымдарының жұмысын жетілдіру жолдарын талқылауға арналғанын атап өтті.

Секцияда келісім, толеранттылық атмосферасын қалыптастырудағы дәстүрлердің, мәдениет пен білім саласының ықпалы, сондай-ақ ҚХА саяси реформаларды жүзеге асырудағы және қоғамдық бірлікті нығайтудағы қызметі талқыланды.

Сессия делегаттары талқылаулар мен пікірталастарға белсене қатысты. Рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, толеранттылықтың жоғары мәдениетін, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынасты, патриотизмді, сондай-ақ балалардың тұлғалық, ерік-жігері, физикалық және интеллектуалдық дайындығын тәрбиелеудің, әлеуметтік өзара іс-қимыл және оң этносаралық коммуникациялардың өзекті мәселелері көтерілді.

«Бір шаңырақ астында» акциясы аясында Назарбаев Университетінің алдында киіз үй орнатылды. Акция ортақ шаңырақ астында ұлттың бірлігін, Отан игілігі үшін қазақстандықтардың бірлескен еңбегін, әр адамның елдің дамуына қосқан үлесі мен атсалысуын білдіреді. Салтанатты іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Фото: assembly.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53