Назарбаев Университетінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған конференция өтті

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының 10 жылдығына, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы өзара серіктістігінің «алтын ғасырына» арналған конференция өтті. Шараны қытайдың «Синьхуа», «China Daily» ақпарат агенттіктері және Қытайды зерттеу орталығы ұйымдастырды.

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының 10 жылдығына, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы өзара серіктістігінің «алтын ғасырына» арналған конференция өтті. Шараны қытайдың «Синьхуа», «China Daily» ақпарат агенттіктері және Қытайды зерттеу орталығы ұйымдастырды.

2013 жылы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы алғаш рет Назарбаев Университетінің Сенат залында жарияланған болатын. 10 жылдық қорытындыларға арналған конференция 200-ге жуық адам жинады. Олардың қатарында -Қазақстан мен Қытай үкіметінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, қазақстандық және қытайлық БАҚ менеджерлері, сондай-ақ Назарбаев университетінің әкімшілігі.

Іс-шара Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқуымен басталды. Хатында Карин мырза жаһандық бастаманың рөлін атап, он жыл ішінде «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы ынтымақтастықтың ашық, инклюзивті, теңдестірілген және жан-жақты жолына айналды деп белгіледі.

Сонымен қатар халықаралық конференция қатысушыларының алдында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Эльдар Торғанбаев, Астана қаласының әкім орынбасары Есет Байкен, China Daily газетінің президенті және бас редакторы Цю Инпу, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Джоомарт Оторбаев, ШЫҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Владимир Норов пен Қытайды зерттеу орталығының директоры Гүлнәр Шаймергенова сөз сөйледі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Эльдар Торғанбаев Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы 1992 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін экономика, сауда, мәдениет және бұқаралық ақпарат салаларындағы өзара алмасулар жемісті нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо сөз сөйлей отырып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы кезеңінде ежелгі Жібек жолы бойындағы барлық елдердің 1/4 бөлігі Қытаймен экономикалық және әлеуметтік-мәдени салада 30-дан астам құжатқа қол қойғанын атап өтті. «Жібек жолының барлық елдері — тарихи ежелгі әріптестер. Осы 10 жылда Қытай мен Орталық Азия арасындағы теміржол қатынасы ұлғайтылып, Қытай-ОА газ құбыры салынуда. Жақында 30 жылдық жаңа алтын даму жоспарына қол қойылды,» — деді Чжан Сяо мырза.

Іс-шараның нәтижесінде «Деловой Казахстан» мен China Daily «21-і ғасыр» газеттері арасында, сондай-ақ Қазақстандағы Қытайды зерттеу орталығы мен Тайхэ институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Конференция қатысушылары бастаманың жетістіктерін құптап, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниеттерін білдірді.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53