«Білім мен кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» атты конференция NU-да өтті

2022 жылғы 27-28 қазан аралығында Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы және Назарбаев университетінің кітапханасы ұйымдастырған «Білім мен кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» тақырыбында академиялық кітапханалардың 11-ші Еуразиялық конференциясы өтті. 2-күндік конференцияға АҚШ, Италия, Нидерланды, Түркия, Канада, Чехия, Филиппин, Ресей, Қырғызстан, Украина және Қазақстаннан шақырылған 23 спикер қатысты.

2022 жылғы 27-28 қазан аралығында Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы және Назарбаев университетінің кітапханасы ұйымдастырған «Білім мен кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» тақырыбында академиялық кітапханалардың 11-ші Еуразиялық конференциясы өтті.

2-күндік конференцияға АҚШ, Италия, Нидерланды, Түркия, Канада, Чехия, Филиппин, Ресей, Қырғызстан, Украина және Қазақстаннан шақырылған 23 спикер қатысты. Конференцияға Беларусь, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстан сияқты елдерден 100-ден астам қатысушы тіркелді.

Конференция барысында академиялық кітапханалардың ғылыми ақпаратқа ашық қолжетімділікті ілгерілетудегі рөлі, ашық деректер мен ашық білім беру ресурстары, ашық қолжетімділік технологиялары сияқты тақырыптар талқыланды. Жоғары оқу орындарында ғылыми жарияланымдардың институционалдық репозитарийлерін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу деректерінің репозиторийлерін құрудың маңыздылығы талқыланды.

Конференцияны Назарбаев Университетінің демеушілері қолдады: Elsevier, Mikro Information, MA Group AG (платина демеушілері),Clarivate, Wiley, ID Logic, The Wall Street Journal, InfromaScope, ChronosHub (алтын демеушілер), Cambridge University Press, EBSCO, Oxford University Press, Emerald Publishing (күміс демеушілер) және Springer Nature қола демеушісі болды.

Шақырылған спикерлердің арасында Мэттью Фойгтс (Нидерланды) ИФЛА саясаты және зерттеу жөніндегі қызметкер, авторлық құқық және ашық қолжетімділік саясаты бойынша өзінің бақылаулары мен қорытындыларын ұсынды.

SPARC Europe (Италия) ашық білім беру қауымдастығының менеджері Паола Корти білім беру ресурстарына кедергісіз ашық қолжетімділікті дамытудың маңыздылығымен бөлісті.

Рэймонд Узвишин, Техас мемлекеттік университеті кітапханасының коллекциялар және цифрлық қызметтер жөніндегі директоры цифрлық коллекциялар және үлкен деректер репозиторийлерін жасау тәжірибесін ұсынды.

Форум аясында «дөңгелек үстел» өтті, онда жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының академиялық кітапханалары өкілдерінің одан әрі өзара іс-қимылы бойынша ұсынымдар қаралды.

Конференция туралы қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы білуге болады.

Конференция материалдары Назарбаев Университетінің репозиторийінде қолжетімді

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53