2018 жылдың 29 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Назарбаев Университетінде күздің ең үлкен оқиғасы — «Astana Atrium Games» және «Ашык есiк күні» киберспорттық турнирі өткізілді.
Ресми ашылу рәсіміне Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Қазақстанның eSports ұйымдарының өкілдері және 5 мыңнан астам қатысушылар қатысты.
«Біздің университет үшін бұл – киберспортты дамытудың жаңа бағыты. Біз бұл шараны алғаш рет өткізіп отырмыз және бұл шара бүкіл Қазақстандағы барлық киберспортшылар арасында жыл сайынғы турнир болады деп үміттенеміз», — деді Назарбаев Университетінің студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова.
«Astana Atrium Games» киберспорттық іс-шарасын компьютерлерде, консольдерде ойнауды таңдауға болатын кең ауқымды ойын аймағы ұсынылды, сонымен қатар әртүрлі пәндер бойынша турнирлер — Dota2, CS: GO, Hearthstone, FIFA және Mortal Combat өткізілді. Бұл киберпәндерді таңдау бүгінгі жастардың виртуалдық шайқастардағы қызығушылығына байланысты. Барлық келушілер еркін жарыстарға қатысуға және іс-шараның серіктестерінен бағалы сыйлықтар алуға мүмкіндік алды.
«Киберспортқа әуесқойлық мені алма матер қабырғасына — Назарбаев Университетінде сарапшы ретінде болуға әкеледі деп ойламадым. Соңғы кезде киберспорттың жылдам дамып келе жатқаны және Назарбаев Университеті бұл бағытты дамыту туралы шешім қабылдамай, қуана келмегеніне қуаныштымын», — деп атап өтті Қазақстан Киберпанк Федерациясының атқарушы директоры Рустем Куштаев.
Astana Atrium Games — бұл электрондық спорт пен гик мәдениетін өзара тығыз байланыстыратын қалалық іс-шара. Astana Atrium Games алғаш рет Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Назарбаев Университетінде өтті. Іс-шараны Қазақстандағы отандық және компьютерлік техниканың жетекші ұлттық желісі «Технодом» қаржыландырды. Іс-шараның серіктестері — Cyberroom Astana, Geekmarket, AG, HyperX, Қазақстандық Киберпанк Федерациясы. Бұл іс-шараға Hardee’s, ButerBro, HealthProject және Evrikum қолдау көрсетті.







