Оның диссертациясы мүмкіндігі шектеулі ересек студенттерді Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесіне енгізуге ықпал ететін тәжірибелерді зерттеуге арналған. Арман Асанбаев докторлық бағдарламасы аясында Кембриджде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтті, онда ол еңбек нарығында сұранысқа ие ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқытудың американдық тәжірибесін зерттеді.
Кәсіби және академиялық тәжірибеңіз туралы айтып беріңізші?
Менің негізгі білімім экономикамен байланысты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін әлемдік экономика мамандығы бойынша бітіріп, біраз уақыт экономист болып жұмыс істедім. Сонымен қатар, шетелдікк Tata Group компаниясында жұмыс істеп, жеке кәсібімді де жүргіздім.Тағдырымның қалауымен мен білім саласына келдім және жеті жылға жуық Қонаев колледжінде сабақ бердім, онда студенттермен бірге волонтерлікпен айналыстым.
Ал Ұлттық академиялық кітапхана маған демалыс күндері зағип жандарға ағылшын тілін үйретуді ұсынғанда, мен келістім. Ол кезде мен оның инклюзивті білім екенін де білмеппін. Бұл мені қызықтырды. Назарбаев Университетінде «Білім берудегі көшбасшылық» және «Инклюзивті білім беру» магистрлік бағдарламалары ашылған кезде мен құжаттарды тапсырдым. Магистратураны бітіргеннен кейін мен бұл мәселені зерттеуді жалғастыруды шештім және менің бэкграундым әсер еткен сияқты, докторлық диссертациямды кәсіптік-техникалық білім берудегі (КжТБ) инклюзия тақырыбына арнадым.
Докторантураңыз қалай өтті?
Бағдарлама үш жарым жылға есептелген, бірақ мен оны бес жылда созып алдым, соның ішінде диссертациямды қорғап, алты айда диплом алдым. Алғашқы жылдары докторантура қарқынды жүріп, оқу жұмысымыз көп болғандықтан, диссертацияға уақыт болмайтын. Бағдарлама аясында мен Кембридж университетінде бір семестр оқыдым. Менің тәлімгерім Кембридж білім беру мектебінің деканы болды және ТжКБ жүйесі туралы өте жақсы білетін. Назарбаев Университетіндегі диссертациямның жетекшісі Тсэдисо Макоэлле, инклюзивті білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры болды.
Бұл мәселені зерттей отырып, сіз не білдіңіз? Қазақстанда кәсіптік-техникалық салада инклюзивті білім беруге көзқарас қандай?
Адамдар инклюзивті білім беру туралы айтқанда, оны дамыту үшін үлкен қаржы мен құрал-жабдық қажет деп ойлайды. Әрине, қаражат керек, бірақ маңызды рөл атқармайтыны белгілі болды, ең бастысы – ересектерді, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарды ТжКБ жүйесіне қалай қосу керектігін үйрету тәжірибесі. Бұл өте қызық, өйткені, көптеген елдердегідей, біз жоғары білімнің жаппай көбеюін көріп отырмыз, көбісі университеттерге түсуге тырысады, әсіресе ересектер. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды ТжКБ жүйесіне қосу үшін көп жұмыс атқару керек. Зерттеу көрсеткендей, көптеген ересектер біраз уақыттан кейін оқуын тастайды, ал кейбіреулері оқуды бітіргеннен кейін жұмыс таппайды. Колледжге ересек адам келсе, үш жыл оқиды, бірақ оның асырайтын жанұясы бар, сондықтан үлкендер кетіп қаладыі. Сонымен қатар, біздің жұмыс берушілер оқу процесіне тартылмайды.
Сіз қандай шешім немесе ұсыныс жасайсыз?
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өзара әрекеттесу формасы, оқу формасы — apprenticeship. Бұл модель аясында студенттер көп пәндерді оқымайды, бірақ біраз уақыт жұмыс берушінің аумағында дағдыларды оқып, теорияны қатар оқиды. Мысалы, Англияда, Австралияда мұндай үлгі қолданылып, студенттер тарих, география сияқты пәндерді оқытпайды, оқу барысында еңбек дағдыларына ие болып, ақша табуға мүмкіндік алады. Мысалы, АҚШ-та жұмыс берушілер оқу процесіне қатысады және оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сабақтарды өткізуге қатысады. Мен осы елдің үкіметінің гранты бойынша АҚШ-тағы осындай оқу орталығында жұмыс істедім,олардың қалай оқытатынын көрдім.
Кәсіптік білім беру жүйесіне инклюзивті ықпал етуде Батыс тәжірибесінің ерекшелігі тағы неде?
Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қоғамға қосу үшін оқыту процесінің ортасында оқушы болатындай етіп жүргізілуі керек. Мысалы, студенттер бірлескен жұмыстар, жобалар кезінде бір-бірінен үйренуі керек. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар студенттің үлесі ескерілуі керек.
Сонымен қатар, колледждер, мысалы, Батыс елдерінде, түлектері жұмысқа орналасқаннан кейін олармен байланыста болады, сонымен қатар, олардың еңбек нарығында қалуына көмектеседі. Тіпті, олардың «Бірінші – жұмысқа тұру, екінші – жұмыста қалу» деген ұраны бар.
Диссертацияңызбен жұмыс істеу барысы туралы не айта аласыз?
Біріншіден, диссертациямен жұмыс істеу – бұл жұмыс емес, өмір салты. Мен өзімді толығымен диссертация жазуға арнадым. Күн сайын таңғы 6-да тұрып, таңғы 8-ге дейін уақытымды ғылыми жұмысыма арнауды әдетке айналдырдым. Осылайша курс бойы жалғасты. Күніне 2 сағат бағытталған жұмыс бұл айына 60 сағат және жылына 720 сағат жұмысты құрайды. Кешке қарай мен Word құжатын жасап, таңертең тартынбастан жалғастыру үшін бірнеше бастапқы сөйлемдерді жазып отырдым.
Сіз жақын арада немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Мен Назарбаев Университетінде постдокторант ретінде зерттеу жұмыстарымен айналысуды жалғастыруға ниеттімін. Бір жылдан астам уақыт бойы біз USAID халықаралық агенттігінің бағдарламасы шеңберінде еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарды тиімді ілгерілету үшін жағдайды талдаймыз және саяси ұсынымдар әзірлейміз. Сондай-ақ оқытушылық қызметпен айналысып, қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінде жұмыс істегім келеді.
Болашақ докторанттарға не тілейсіз?
Оқу процесінде топта достық қарым-қатынас орнату өте маңызды. Мен докторантурада оқып жүргенде группаластарымнан ең үлкен қолдауды сезіндім. Сонымен қатар, диссертация жетекшісін таңдауда мұқият болу өте маңызды, ол әрқашан қол жетімді болуы керек. Ең жақсы диссертация — бұл аяқталған диссертация екенін есте ұстаған жөн!








