НУ ғалымдары мен профессорлары Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, Грузия, сонымен қатар Аргентина, АҚШ пен Гонконг елдерінің 30 жетекші ғалымдарымен, ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік органдардың басшыларымен бірге COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының өзекті мәселелерін талқылады.
Бұл конференцияны халықаралық ғылыми -техникалық орталықтың қолдауымен «Ғылым қоры» АҚ, Назарбаев Университеті және Алматы менеджмент университеті ұйымдастырды.
Дереккөз:kazinform.kz







