Жапония кітап бұрышы NU кампусында ашылды

Назарбаев Университеті кітапханасы Жапонияның кітап бұрышын ресми түрде 2023 жылдың 15 ақпанында ашты. Кітаптар оқу және зерттеу бастамаларын қолдайтын Read Project Japan (Nippon Foundation Қоры) жобасынан арнайы сыйға тартылған.

NU кітапханасының Мәдениет залында өткен ашылу салтанатына Каната Томохиро мырза, Қазақстандағы Жапония Елшілігінің миссия басшысының орынбасары, NU Студенттер ісі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова және NU кітапхана директоры Джералд Кавана қатысты. NU өкілдері сыйға тартылған кітаптар үшін алғыстарын білдірді.

NU Жапония студенттер клубы және кітапхана викторина, оригами және хайку шеберханаларын ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар оригами фигураларын жасап және қысқа хайку өлеңдер жазып өздерін сынады. Кеш Омори Тацуши түсірген «Әр күн жақсы күн» атты фильмін тамашалаумен аяқталды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53