2023 жылдың 12 сәуірінде Таиланд Корольдігі Елшілігінің Консулы және Миссия Басшысының Орынбасары доктор Оратай Пхубунлап Гунасийлан «Таиландтың SDG5-ті жүзеге асырудағы жетістіктері: Тайланд Сыртқы Қызметінің көзқарасы» тақырыбында қонақтық дәрісін оқыды. Дәріс университет қауымы: студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін өткізілді. Дәріс тақырыбы қоғамдастықтың әйелдер жартысы арасында үлкен қызығушылық тудырды.
БҰҰ мәліметі бойынша, SDG 5 гендерлік теңдік, атап айтқанда «Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту» ретінде анықталған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Тайландта жетекші лауазымдардағы әйелдердің пайызы Азия-Тынық мұхиты аймағына қарағанда жоғары және әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Таиландтың Сыртқы Қызметі саласында 2019 жылы ресми лауазымдардағы әйелдер саны 58,9 пайызды құраса, Елші әйелдер саны небәрі 28,57 пайызды құрады. Доктор Гунасийлан өз дәрісінің соңында қыздарды SDG 5-ке жалпы қол жеткізу үшін өмірдің барлық салаларында бір-бірін қолдауға шақырды. Сонымен қатар гендерлік теңсіздікті жою жолында Назарбаев Университетінің қосқан үлесін атап өтті.
Доктор Гунасийлан Ресей Федерациясы Сыртқы Істер Министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар Институтында (МГИМО) бакалавр және магистр дәрежесін алды, сонымен қатар Ұлттық Даму Менеджменті Институтында Адам Ресурстарын Дамыту Және Ұйымдастырушылық Зерттеулер бойынша докторлық дәрежесіне ие. (Тайланд). Қазақстанға тағайындалғанға дейін Паттайяның (Таиланд) Паспорттық Бюросының Басшысы қызметін атқарған. Доктор Гунасийлан ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген.







