2022 жылғы 12 қазанда Индонезия Республикасының Қазақстандағы және Тәжікстандағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мырза Назарбаев Университетіне «Индонезия дипломатиясы» тақырыбында қонақтық лекциямен келді. Индонезияның сыртқы саяси доктринасы 4+1 формуласына ие және ел 1949 жылы алған тәуелсіздік құнына негізделген. Дәріс университет қауымдастығына: студенттерге, қызметкерлерге және барлық қызығушылық танытқандарға арналған.
Елші Мохамад Фаджрул Рахман мырзаның Индонезия университетінде химия және менеджмент бакалавры, сондай-ақ құқық магистрі және коммуникация саласындағы докторы дәрежесі бар. Индонезия Республикасының Елшісі болып тағайындалғанға дейін ол Индонезия Республикасы Мемлекеттік хатшылығында Президенттің баспасөз хатшысы және Президенттің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
Рахман мырза өз лекциясында Индонезия дипломатиясының ерекшеліктері, елдің профилі және оның экономикалық көрсеткіштері, туристік әлеуеті туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Индонезия Республикасы арасындағы ынтымақтастық тарихы туралы айтты. 2023 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Дипломатиялық қарым-қатынастар кезеңінде екі елдің президенттері екі рет мемлекеттік сапармен болды.
Дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізілді, онда қатысушылар барлық сұрақтарын қоя алды. Индонезия Елшілігі лекцияның белсенді қатысушыларын дәстүрлі тәттілер түріндегі сыйлықтармен атап өтті.







