Израиль Мемлекетінің Елшісінің қонақ дәрісі

2022 жылғы 2 қарашада қонақтық лекциялар сериясы аясында Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Эдвин Натан Ябо Глузман мырза Назарбаев Университетіне «Израиль, инновациялар және төртінші өнеркәсіптік революция» тақырыбында қонақтық лекциямен келді. Дәріс университет қауымдастығына: туденттерге, қызметкерлерге және барлық қызығушылық танытқандарға арналған.

Елші мырза өз дәрісінде 4-ші өнеркәсіптік революция фазасына көшу контекстіне тоқталып, Израильдегі инновациялардың даму ерекшеліктері, инновациялардың ел экономикасына әсері және осы саладағы табыстың сыры туралы айтты. Елші сонымен қатар студенттерге жаңашыл көзқарас пен ойлауды дамытуға қандай қасиеттер көмектесетіні туралы практикалық кеңестермен бөлісті. Дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізілді, онда қатысушылар барлық сұрақтарын қоя алды. 2022 жылы Израиль мемлекеті мен Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Елші Эдвин Ябо мырзаның саясаттану бакалавры дәрежесі бар, сонымен қатар Израиль Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық мансапты дамыту бағдарламасын аяқтады, дипломатиялық қызметін 1995 жылы көпжақты еуропалық ұйымдар департаментінің Батыс- Еуропа бөлімшесінің маманы ретінде бастады. Эдвин Ябо мырза Эквадордағы, Аргентинадағы, Колумбиядағы және Испаниядағы Израиль елшіліктерінде жұмыс істеген. Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрлігінің Орталық Еуропа елдері департаментінің директоры қызметін атқарды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53