Galym-Galam: Рид Койл, NU SSH Ассистент профессоры

Алған біліміңіз бен кәсіби қызметіңіз туралы айтып бере аласыз ба?НУ – менің PhD докторантурасынан кейінгі алғашқы академиялық орным. Мұнда 2016 жылдан бері жұмыс істеймін.

Алған біліміңіз бен кәсіби қызметіңіз туралы айтып бере аласыз ба?

НУ – менің PhD докторантурасынан кейінгі алғашқы академиялық орным. Мұнда 2016 жылдан бері жұмыс істеймін. Магистратура мен Ph.D докторантурасын Миннесота-Твин қалалар университетінде антропология бойынша тәмамдадым. Сол кезде аспирант-оқытушы да болдым. Ал антропология бакалавры дәрежесін Висконсин-Суперьер университетінен алдым.

Қазіргі зерттеу жобаңыз туралы айтып берсеңіз?

Палеоантропология, зооархеология және кеңістіктік талдауға маманданған археолог ретінде мен өз зерттеулерімде адамның күнкөрісі, тамақтануы және мінез-құлқы уақыт өте келе қалай өзгеретініне кеңірек назар аударамын. Бірнеше ғылыми жобаларға ат салысудамын. Соның бірі — осы жазда бір ай бойы жүргізген зерттеуім. Осы туралы кеңірек әңгімелеп берейін. Мен Leakey Foundation ғылыми грантын жеңіп алған болатынын. Биылғы жыл деректер жинаудың бірінші кезеңіне арналды. Грузияның батысындағы Цуцхвати және Сакажия деп аталатын екі палеолит археологиялық орнында жұмыс істеймін. Осы әнаралық ынтымақтастықтағы менің рөлім адамдардың тұрақтардың қалыптасуына қалай үлес қосатынын және уақыт өте шаруашылықты жүргізу мен кеңістікті ұйымдастыру тенденцияларының қалай өзгергенін түсіну. Сондай-ақ, біз жоғарғы палеолит қабаттарындағы қазіргі адамдармен салыстырғанда орта палеолит қабаттарындағы неандертальдықтардың тіршілік ету және кеңістіктік мінез-құлқы арасында қандай да бір айырмашылықтар бар-жоғын түсінуге тырысамыз.

Бұл сұрақтарға жауаптар осы екі түрдің мінез-құлқы жағынан қаншалықты ұқсас немесе әртүрлі екенін және бір топтың Кавказға (яғни қазіргі адамдар) қоныс аударуы екіншісінің (яғни неандертальдықтардың) өмір сүруіне қалай әсер еткені туралы ақпарат бере алады. Өйткені, Еуразияның көптеген басқа жерлерінде бұл екі түр өзара әрекеттесті. Осы сұрақтарға жауап беру үшін мен Грузияның Ұлттық мұражайында осы екі археологиялық орыннан фауна қалдықтары (жануарлардың сүйектері) туралы деректер жинаумен айналыстым. Фауналық қалдықтарды зерттей отырып, біз жануарлардың қандай түрлерінің болғанын, адамдар олардың қайсын өлтіргенін , әр кәсіп кезеңінде қандай жануарлар түрлеріне басымдық берілгенін және бұл олардың маусымдық қолжетімділігін көрсетеді ме әлде оппортунистік аңшылық иә болмаса осы факторлардың жиынтығы ма, жоқ па-соны көріп-біле аламыз.

Сіздің негізгі зерттеу нәтижелеріңіз қандай?

Жобаға үлесімді енді қосып жатырмын. Дегенмен, жинақталған материалдардан түйген пайымым — екі адам тобының да негізінен бизон, тау ешкілері мен маралдарды союмен айналысқан. Кейде мәзірде үңгір аюлары да болған. Бұл үңгірде көптеген аю сүйектерімен толтырылған қабаттар бар, бұл олардың үңгірлерде адамдар болмаған кезде өмір сүргенін көрсетуі мүмкін. Үңгірлерді осылайша бөлісу Еуразия үңгірлерінде жиі кездеседі. Бұл адамның өзара әрекеттесуін немесе тіпті үлкен плейстоцен жыртқыштарымен адамның бәсекелестігін түсіну үшін маңызды. Келесі жылы мен үңгірлердің қолданылуы мен құрылымын жақсырақ түсіну үшін үңгірлердегі сойылған мал мен өрт іздерін зерттейтін боламын.

Неліктен НУ-ға түсуді таңдадыңыз?

Ph.D диссертациясын аяқтаған кезде осы лауазымға келуді шештім. Себебі бұл менің оқу және ғылыми портфолиоларымды айтарлықтай еркіндікпен дамытуға мүмкіндік берді. Мен ол кезде бұл жердің қаншалықты керемет екенінен хабарсыз болатынмын. Мұндағы студенттердің үлгерімі мен белсенділігі менің күткенімнен асып түсті.

Алдағы жоспарларыңыз қандай?

Алдағы 3-5 жыл ішінде, кем дегенде, Грузияның батысындағы орта және жоғарғы палеолит дәуіріне тиеселі төрт тұрақты зерттеуге үлес қосқым келеді.Сонымен қатар, Оңтүстік Грузиядағы Орозмани тұрағындағы қызықты жаңа жобаға қатысып жатырмын. Бұл тұрақ ерте палеолитке жатады және Дманисимен жасты деуге болады әрі Африкадан тыс жерлерде гоминидтердің ең алғашқы дәлелдері сақталған тұрақ болып саналады. Біз осы ерте адамдардың мінез-құлқын және олардың қылыш тісті мысықтар мен алып гиеналардың арасында қалай аман қалғанын түсіну үшін қазіргі заманғы жерлерді зерттеп, жүргізіліп жатқан қазбаларды кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Жақын арада сіздерге кампус аумағында ашық аспан астындағы жаңа археологиялық зертханамызбен танысу мүмкіндігі туады. Артефактілерді жуу, талдау және археологиялық қазбаларды модельдеу арқылы эксперименталды археологияға арналған бұл орын біздің «Археологиядағы зертханалық әдістер» атты жаңа курсымыздың бір бөлігі болып саналады. НУ-дағы зерттеулер мен білім беруге деген осындай үлкен қолдаулардың арқасында табысты болашаққа сенімім мол.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53