2017 жылы 28–29 қыркүйек күндері Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, Алматыда алғашқы рет Регистратор офисінің семинарын өткізді.
Семинар Регистратор офисінің көрсететін қызметтің сапасын арттыруға, ондағы бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандыруға арналған. Семинардың мақсаты – кеңсе қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы және байланыстарың арттыруы үшін ортақ алаң құру, өйткені осы кезге дейін барлық туындаған мәселелерді олар жеке-жеке шешетін болған.
Семинардың ашылу салтанатында Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Регистраторы Ребекка Картер және ҚазҰТЗУ-дың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков құттықтау сөзін сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинарға Қазақстанның 5 облысынан 40 университеттің өкілдерінен құралған 150-ден астам қонақтар, оның ішінде университет проректорлары қатысты. Семинар форматы ЖOO-ұйымдастырушылардың басшылығының қатысуымен жалпы панельдік сессияны және кейіннен талқылауыменен презентациялық сессияларды қамтыды. Сондай-ақ, студенттерге арналған Banner Ellucian атты анықтамалар жүйесі өтті, онда тыңдаушылар назарына Регистратор офисінің жаңа концепциялары ұсынылды, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті және жаңа жұмыс әдісінің мәселелері талқыланды.







