2023 жылғы 24-25 мамырда Назарбаев Университетінің (NU) делегациясы көпжылдық тарихы бар алматылық Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне сапар жасады. Елордалық университет атынан NU Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провосты Луис Рамон Рохас-Солосарно және Провост кеңсесінің бас менеджерлері Гүлназ Бөлебаева мен Асхат Бекжанов қатысты.
Басқарма төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләловпен кездесуден кейін, қонақтар мұражайды аралап, университет тарихымен, өнер институтының шебер ұстаздары жасаған туындыларымен танысты. Дархан Біләлов мұражайға танымдық экскурсия жүргізіп, кескіндеме мен мүсін өнерінің маңызы туралы айтып, астаналық делегацияны қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерімен (чий, киіз маталар), әскери техникамен, музыкалық аспаптармен және тұрмыстық заттармен таныстырды.
Одан кейін Назарбаев Университетінің делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттарымен және жас зерттеушілерімен кездесті. Ғылым департаментінің директоры, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова университетте 2019 жылдан бастап енгізілген постдокторлық жүйе туралы айтып, үш жылдан кейін постдокторанттардың ғылымға толықтай ден қоюға, өз зерттеулерін жүргізуге, нәтижелерін шетелдік журналдарда – кем дегенде екі мақаланы Scopus-та жариялауға мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Назарбаев Университетінің делегациясы постдокторанттарды қолдау, ғылыми қызметті жалғастыру үшін бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету тәжірибесі туралы айтты. Кездесу барысында екі университет өкілдері өзара пікір алмасып, бір біріне сұрақтарын қойды. Кездесу екі тарап үшін де нәтижелі және қызықты өтті.
Сапардың екінші күні NU делегациясы докторлық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестердің ғылыми хатшыларымен кездесті. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша PhD дәрежені қорғауына қонақ ретінде қатысты.
Сондай-ақ Луис Рамон Рохас-Солосарно институт директорларының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен докторанттарға «NU-дың зерттеу университетіне айналу тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқыды. Scopus деректер базасында индекстелген шетелдік басылымдарға мақалалар жіберу алгоритмінің маңызды аспектілері анықталды. Дәріс докторанттардың үлкен қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтар қойды. Университет делегациялары ынтымақтастықты одан әрі арттырып, тәжірибе алмасуға келісті.







