2022 жылы қазанның 27-28 күндері аралығында Назарбаев Университетінде «Білімге және кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» атты академиялық кітапханалардың 11-ші Еуразиялық конференциясы өткізіледі.
Конференцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы, Назарбаев Университеті кітапханасы.
Конференцияға қатысушылар: Беларусь, Канада, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Чехия сияқты әлемнің 12 елінен ұлттық және университет кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары.
Ашық ғылым қазіргі ғылыми әлемнің негізгі трендіне (жаңа қалыпты) айналғандықтан, университет кітапханалары білімге ашық қолжетімділіктің қазіргі жағдайын зерттеп, осы саладағы кітапхана қызметінің келешегі мен формаларын талқылауы қажет. Конференцияға көрнекті зерттеушілер мен қызықты баяндамашылар қатысады.
Конференцияға қатысушылар келесі салалардағы озық тәжірибелермен таныса алады:
• ашық ғылым;
• ашық деректер;
• ашық білім беру ресурстары;
• ашық қолжетімділік технологиялары.
Конференция 2 күндік тренингтер, ғылыми талқылаулар мен презентацияларды қамтиды, оның барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен және ақпараттарымен алмаса алады.
Конференция туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://nu.kz.libguides.com/EALC-2022/registration.







