Цифрлық кітапханалар: жарамдылық және деректерді біріктіру

2022 жылғы 26 қазанда Назарбаев Университетінде «Орталық Азиядағы жоғары білімді цифрландырудағы кітапханалардың корпоративтік өзара әрекеттестігінің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, ЮНЕСКО (ЮНЕСКО-ICHEI) қолдауындағы Жоғары білім берудегі халықаралық инновациялар орталығы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы және Назарбаев Университеті.

2022 жылғы 26 қазанда Назарбаев Университетінде «Орталық Азиядағы жоғары білімді цифрландырудағы кітапханалардың корпоративтік өзара әрекеттестігінің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, ЮНЕСКО (ЮНЕСКО-ICHEI) қолдауындағы Жоғары білім берудегі халықаралық инновациялар орталығы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы және Назарбаев Университеті.

Іс-шараға қатысушылар: министрліктің, ұлттық және университет кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресейден ақпараттық жүйелер мен өнімдерді жеткізуші жетекші ұйымдар.

Толық және сенімді ақпаратқа қол жеткізу перспективалы ғылыми зерттеулер мен сапалы білім берудің маңызды шарты болып табылатындықтан, іс- шараға қатысушылар елдердің интеграцияланған ақпараттық-кітапхана инфрақұрылымын құру мәселелерін қарастырып талқылады. Бұл іс-шара Орталық Азияда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға және корпоративтік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру бойынша белсенді өзара әрекеттесуге негізделдіген болатын.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53