3D биопринтердің көмегімен зертханада адам сүйегін жасап шығаруға бола ма? Назарбаев университетінің биомедициналық инженерия саласындағы профессоры Дана Ақылбекова бастаған бір топ ғалым бүгінде осы жоба аясында еңбек етіп жатыр. Бұл зертханада еліміздегі жалғыз 3D биопринтер бар. Бұл зертхана бағаналық жасушаларды Ұлттық биотехнология орталығынан алдырады екен. Ол жақта бағаналық жасушаларды егеуқұйрықтардың жілікмайынан алады. Зертханаға әкелінген 200-500 мың бағаналық жасушаны инкубаторда көбейтіп, 2-3 миллионға жеткізеді. Бүгінде аталмыш зертханада 9 ғалым жұмыс істейді. Сондай-ақ зертханаға келіп, 3D орган жасау жұмысының басы-қасында жүрген мектеп оқушылары да бар екен. Толығырақ — Айқын газетінің мақаласында.








