Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының Қауымдастырылған профессоры, доктор Нұрxат Нұражи АҚШ-тағы мансабын тастап, қазір NU-да энергетиканың болашағын зерттеп жатыр. Ал, Робототехника инженерия кафедрасының Ассистент профессоры Жанат Қаппасов Сорбонна университетінің докторантурасын аяқтап, Астанаға оралған соң әріптестерімен бірге робототехника кафедрасын құруға кірісті. Ғалым қазір тактильді сенсорларды жасаумен айналысады. NU Физика кафедрасының Қауымдастырылған профессоры және Калифорния технологиялық институтының бұрынғы ғылыми қызметкері Ерназар Әбдікамалов NU Energetic Cosmos Laboratory зертханасында гамма-сәулеленуді зерттейді. Толығырақ Forbes Kazakhstan журналында оқыныздар.








