1 – қадам. Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 – қадам. Өтінім беру нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз
- Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Дербес деректерді өңдеу келісімді қамтитын Өтінім беру нысанын толтырып, «Upload» батырмасын басыңыз.
- Қажетті құжаттарды көрсетілген форматта жүктеу үшін келесі Step 2 қадамына өтіңіз.
- 3×4 суретіңізді «Profile» бөліміне жүктеңіз.
3 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеп, өтініш беруді аяқтаңыз
- Өтініш беруді аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздің «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Тіркелу жарнасы тек ұсынылған төлем әдістері арқылы онлайн төленуі қажет; басқа төлем әдістері қабылданбайды.
- Сіз 2 магистратура немесе докторантура бағдарламаларына өтініш бере аласыз, бірақ екеуіне де қабылданған жағдайда біреуін ғана таңдауыңыз қажет.
- Стандартты тіркелу жарнасы — 15 000 теңге, кеш тіркелу жарнасы — 45 000 теңге. Өтінім берудің белгіленген мерзіміне дейін соңғы екі апта өтінім берудің кеш мерзімі болып саналады. Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
4 – қадам. IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелерін тапсырыңыз
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Электронды түрде:
- IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей НУ-ға жіберіңіз.
2. IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу:
- IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін және оның бірегей нөмірін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізіп жүктеңіз. Конкурсқа қатысу үшін бірнеше сертификатты жүктеуге болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
3. GRE/GMAT нәтижелерін жүктеу:
- GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеңіз.
Маңызды тест кодтары:
- IELTS: NU, Admissions Department
- TOEFL iBT: 6762
- GRE: 6496
- GMAT: H6M-R7-93
Маңызды ескертулер:
- НУ сіздің тест нәтижелеріңізді тапсыруға жауапты емес. Сіз Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзіңіз хабарласуыңыз керек, сертификат жіберу кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алады.
- Егер сертификат белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
- Барлық сертификаттар өтінім бергенсәтке дейін жарамды болуы қажет.
- IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық сіздің Жеке кабинетіңізде қолжетімді.
- IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері қарастырылмайды.
- IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу бойынша бейне нұсқаулықты мына сілтемеден таба аласыз.
Тесттен босатылған жағдайлар:
IELTS/TOEFL тапсырудан босатылуыңыз мүмкін, егер:
- Ағылшын тілі ресми тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда.
- Бакалавр немесе магистр дәрежесі бойынша оқыту тілі Ағылшын тілі болған жағдайда (растайтын құжат қажет).
- Назарбаев Университетінің түлегі болсаңыз.
Келесі қадамдар
Өтінім бергеннен кейін сіздің ұсынушыларыңызға онлайн-нысанды пайдаланып ұсыным хатын ұсынуды талап ететін автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинет пен электрондық поштаңызды жиі қадағалаңыз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін.
Ағылшын тілінде өтетін сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз.
Өтінім беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда мәселенің толық сипаттамасын, сонымен қатар ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен Жеке кабинетте үміткерге берілетін Applicant ID нөмірін phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жазыңыз.
Қабылдау талаптары

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі 18 резидентура бағдарламасын түрлі мамандықтар бойынша ұсынады. Бұл бағдарламалар заманауи клиникалық дайындықты, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін және тәжірибелік дағдыларды ұштастыра отырып, жоғары білікті медицина мамандарын даярлауға бағытталған. Резиденттер Қазақстандағы жетекші ауруханалар мен медициналық орталықтармен әріптестік аясында әртүрлі пациент топтарымен жұмыс істеу және заманауи медициналық тәжірибелермен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Маңызды мерзімдер
Резидентура бағдарламаларына онлайн өтініш беру мерзімі:
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін: 2026 жылғы 30 сәуір сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
Сабира Байдилдина
Center for Preparatory Studies • Университет алдындағы дайындық және Бакалавриат бағдарламалары



Разида Кенес
School of Mining and Geosciences • Бакалавр. Мұнай және газ ісі, 2023



Байланыс ақпараты
Өтініш беру кезеңінде барысында Назарбаев Университетінің өтініш берушілерді қолдау орталығы әрқашан көмек көрсетуге дайын.
Электрондық пошта: info_admissions@nu.edu.kz
Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84; +7 (747) 094 02 30
Хабарландырулар
Жиі қойылатын сұрақтар
Сіздерде қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратура және докторантура бағдарламалары бар ма?
Жоқ. Барлық магистратура және докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады. Тек Басшыларға арналған МВА бағдарламасы ағылшын тілінде оқытылғанымен, сабақ барысында орыс тіліне ілеспе аударма қолданылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін түсу емтихандарын немесе кешенді тест тапсыру керек пе?
Назарбаев Университетіне түсу үшін кешенді тестілеу нәтижелері қарастырылмайды.
Барлық бағдарламалар, егер бұрын түсуші ағылшын тілінде оқымаған болса, стандартталған ағылшын тілін білу тестін (IELTS/TOEFL) тапсыруды талап етеді.
Жалпы, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін тиісті бағдарламаның Қабылдау комиссиясы өтінімнің барлық элементтерін назарға ала отырып, түсушінің құжаттар топтамасын қарайды:
- мотивациялық хат, онда сіз белгілі бір мамандыққа түсу себептерін және сіздің дамуыңыз үшін осы таңдаудың салдарын ашасыз;
- таңдалған мамандыққа қатысты пәндер бойынша транскрипт және бағалар;
- алдыңғы тәжірибелер мен жетістіктерді көрсететін ұсыныс хаттар;
- қабылдау комиссиясымен сұхбат нәтижелері.
Жоғарыда айтылғандардан басқа кейбір бағдарламаларға GRE, GMAT, ALEKS емтихандар нәтижелері, жұмыс тәжірибесі қажет. Медицина мектебінің бағдарламаларына қойылатын талаптарда ерекше емтихандар бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға қалайша өтінім беруге болады және құжаттарды тапсыру мерзімі қандай?
Магистратура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімдері: Магистратура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Докторантура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімі: Докторантура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Сұхбат қалай жүргізіледі? Қандай сұрақтар қойылады? Неге дайындалу керек?
Сұхбат онлайн немесе офлайн түрінде ағылшын тілінде өтеді және 15 минут немесе одан да көп уақытқа созылады.
Әрбір Қабылдау комиссиясы бағалаудың өзіндік әдістемесін әзірлейді, сондықтан сұрақтар бағдарламаға байланысты өзгеруі мүмкін. Сұхбатта университеттің Қабылдау комиссиясының мүшелері келесілерді тексеру үшін сұрақтар қоя алады:
- Сіздің академиялық тұрғыдан дайындық деңгейіңіз. Сіз оқу бағдарламаңызды сәтті аяқтай алу және таңдаған оқу бағдарламаңыздың академиялық талаптарын орындай алу мүмкіндігіңіз.
- Бәсекеге қабілеттілік. Қабылдау комиссиясының мүшелері Сіздің басқа үміткерлермен бәсекелесу қабілетіңізді бағалайды.
- Сіздің басымдықтарыңыз. Көбінесе оқуға түсушілер бір уақытта бірнеше оқу орындарына немесе бағдарламаларға құжаттарды тапсырады. Қабылдау комиссиясы қай университетке немесе бағдарламаға артықшылық бергіңіз келетінін сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, сұрақтар пәндік саланы білуге және Сіздің өтініміңізде ұсынылған ақпаратты ашуға қатысты болуы мүмкін.
- Сіз университеттің дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз ба? Студенттердің Университет өміріне белсенді қатысуы және оның дамуына барынша үлес қосуы өте маңызды.
- Әлеуеті. Қабылдау комиссиясы Сіз болашақта жақсы студент боласыз ба, таңдалған мамандыққа деген қызығушылығыңызды жоғалтпайсыз ба және Сізді оқуда жетістікке жетуге не итермелейтінін білу маңызды.
Көріп отырғаныңыздай, сұхбаттағы тақырыптар Сіздің мотивациялық жазбаңызбен тығыз байланыста.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға оқуға түскісі келетін үміткерлерге арналған әрекеттер реті қандай?
- Магистратура немесе докторантура бағдарламасын таңдау қажет. Сіз бір уақытта екі магистратура және/немесе докторантура бағдарламасына құжат тапсыра аласыз. Екі бағдарламаға да оқуға түскен жағдайда, үміткерге біреуін таңдау қажет.
- Бағдарламаға оқуға түсу талаптарын мұқият оқу және онлайн өтінім беруге құжаттарды дайындау.
- Порталда таңдалған бағдарламаның белгілеген мерзімінде онлайн тіркелу және барлық құжаттарды жүктеу.
- Шақырылған жағдайда, Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан сәтті өту. Сұхбаттасу ағылшын тілінде өтеді.
- Сәтті қабылдау үшін бағдарлау аптасынан өтіп, сіз оқыған мектеппен келісімшартқа отыру керек.




