Nazarbayev University Физика департаменті мен Энергетикалық Ғарыш Зертханасы 11–15 мамыр аралығында өтетін «Барлық ауқымдағы Ғалам» атты халықаралық конференция туралы қуана хабарлайды. Бұл конференция әлемнің әр түкпірінен келген танымал ғалымдар мен өңір зерттеушілерін бір алаңға тоғыстырады. Іс-шара бірізді өтетін екі воркшоптан тұрады: «Күшті гравитация феноменологиясы 2026» (11–13 мамыр) және «Ғаламдағы құрылым мен энергия: жұлдызаралық бұлттардан ғарыштық жарылыстарға дейін» (13–15 мамыр).
Бірінші воркшоп күшті гравитация саласындағы заманауи зерттеулерге арналып, жалпы салыстырмалылық теориясы, релятивистік астрофизика, қара құрдымдар және космология бағытындағы мамандарды біріктіре отырып, экстремалды құбылыстар физикасын талқылауға мүмкіндік береді. Екінші воркшоп астрофизиканың әртүрлі ауқымдарын қамтып, жұлдызаралық орта, жұлдыз түзілуі және жұлдыздық жарылыстар арасындағы өзара байланысты қарастырады, сондай-ақ бақылаулық астрономия, аспаптану және деректерге негізделген әдістер саласындағы ең жаңа жетістіктерді ұсынады.
Аталған конференциялар студенттер мен жас ғалымдардың белсенді қатысуы арқылы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған. Бағдарламада пленарлық баяндамалар, секциялық ауызша баяндамалар, постерлік таныстырылымдар және арнайы практикалық воркшоп қарастырылған.




