Семинар «Қытай серіктестерімен тиімді ынтымақтастық»

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Graduate Schools of Business
Dina Meiramova
+7 (7172) 70-64-00

Бұл курс қытайлық серіктестермен ынтымақтасуға ұмтылатын, сондай-ақ серіктестікте бұрыннан бар, бірақ процесте қиындықтарға тап болған қазақстандық бизнес мамандарына қолдау көрсетуге арналған.

Қатысушыларға қытайлық әріптестермен қалай тиімді ынтымақтасу керектігі туралы нақты түсінік беру үшін курс академиялық білімге де, нақты әлемдегі бизнес мысалдарына да сүйенеді. Ол Қытайдың жоғары бәсекеге қабілетті мемлекеттік капитализміне және оның жоғары контекстік мәдениетіне ерекше назар аудара отырып, Қытай-Қазақстан іскерлік ынтымақтастығындағы негізгі қиындықтарды қарастырады.

Сіз не үйренесіз:

  • Қытайдың мемлекеттік капиталистік жүйесін терең түсіну негізінде әртүрлі типтегі қытай компанияларының артықшылықтары мен шектеулерін бағалай алуды;
  • Қытай мәдениетін терең түсіну арқылы қытайлық серіктестермен тиімді келіссөздер жүргізуді;
  • Қытай мамандарының сенімді қалай қалыптастырып, сақтайтыны туралы білімді қолдану арқылы қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуды;
  • Қытайлық серіктес тарапындағы нақты шешім қабылдаушыларды және жасырын мүдделі тараптарды анықтау.

Оқытушы: Джиянг Донг — Nazarbayev University Жоғары Бизнес Мектебінің стратегия және кәсіпкерлік кафедрасының ассистент-профессор.

Доктор Донгтың ғылыми зерттеулері корпоративтік саяси стратегия мен ұйым теориясының тоғысындағы тақырыптарға арналған және негізінен қытайлық жеке компаниялардың саяси қысымнан аулақ бола отырып, стратегиялық саяси ресурстарды иелену тәсілдерін зерттеуге бағытталған.

Тренинг қалай өтеді: 2 күндік семинар Астана қаласында орын алады. Дәрістер, топтық жұмыстар, кейстерді талқылау және басқа жаттығулар жасауды қамтиды.

Оқыту тілі: ағылшын тілі, орыс тіліне синхронды аудармамен.

Толығырақ оқу

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53