Оффер алу — бұл тек алғашқы қадам. 18 шілдеде Nazarbayev University болашақ студенттер мен олардың ата-аналарын NU Offer Holder Day іс-шарасына шақырамыз!
Сізді күтетін бағдарлама:
- Профессорлармен, студенттермен және болашақ топтастарыңызбен кездесу;
- Зертханаларға экскурсия: әлемдік деңгейдегі технологиялық мүмкіндіктермен танысу;
- Мансап жолы: түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білу;
- Оқуға түсу және оқу ақысын төлеу бойынша жеке кеңес алу;
- Admissions командасына өзіңізді қызықтырған кез келген сұрақты қою мүмкіндігі.
NU Offer Holder Day іс-шарасында сіздермен жүздесуді асыға күтеміз және NU қауымдастығының бір мүшесі атануға жасайтын келесі қадамыңызда қолдау көрсетуге қуаныштымыз.
