Nazarbayev University Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (GSPP) зерттеушілерді «Мемлекеттік саясаттың күрделілігін еңсеру: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер” тақырыбындағы 2026 жылғы NU GSPP халықаралық жыл сайынғы конференциясына қатысуға шақырады.
Өзінің 10 жылдығын атап өтетін жыл сайынғы конференция мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару салаларындағы өзекті мәселелер бойынша академиялық және кәсіби диалог алаңы болып табылады. Биылғы талқылаулар геосаяси шиеленістер, демократиялық құндылықтардың әлсіреуі және технологиялық өзгерістер жағдайындағы басқару мәселелеріне арналады.
Конференция келесі бағыттар бойынша баяндамалар тезистерін қабылдайды:
- Мемлекеттік басқару және governance
- AI governance, инновациялар және технологиялық саясат
- Экономикалық саясат және даму
- Әлеуметтік саясат және адами капитал
- Экологиялық саясат және климаттың өзгеруі
Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген академиктерді, зерттеушілерді, саясаткерлерді және тәжірибелік мамандарды біріктіріп, идеялар алмасуға, зерттеулерді ұсынуға және тиімді әрі инклюзивті басқару жүйелерін дамыту жолдарын талқылауға мүмкіндік береді.
