22 және 29 тамыз күндері Nazarbayev University-де ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған SITF-тің екі күндік Founders Weekend 2026 бағдарламасы өтеді.
- 1-күн (22 тамыз) – бизнес-интенсив: Business Model Canvas, питчинг және қаржыландыру көздері бойынша воркшоптар, сондай-ақ сарапшылармен жеке консультациялар.
- 2-күн (29 тамыз) – жобаларды қазылар алқасының алдында питчинг жасау.
Жеңімпаз команда Сан-Францискода өтетін TechCrunch Disrupt 2026 конференциясына аттанады – сапарға байланысты барлық шығынды ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
Қатысушылар: студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар (18+).
Тіркелген компанияның немесе бизнес тәжірибесінің болуы талап етілмейді – жеке немесе команда құрамында қатысуға болады. Қатысу тегін, іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарлама NU Impact Foundation қолдауымен өткізіледі.
